13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкент: «Наурыз» айтыстың бас жүлдесі елордалық ақынға бұйырды

20 марта, 2021
in Мәдениет
0
Шымкент: «Наурыз» айтыстың бас жүлдесі елордалық ақынға бұйырды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Ұлыстың ұлы күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Жүрсіннің жүйріктері, Сәбиттің сәйгүліктері», «Наурыз, гүл көктем, жыл басы» атты республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған айтысқа бүкіл республикадан 15 ақын шақырылған болатын. Айтыстың екінші күніне бес жұп ақын іріктеліп алынды. Айтысты белгілі ақын Жүрсін Ерман жүргізсе, дүбірлі доданы тамашалауға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов келді.

Наурызды жырға қосқан ақындар,  ел бірлігі мен ынтымақты, ұлттық құндылығымыз бен дәстүріміз жайын сөз етті. Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Нұр-Сұлтан қаласынан келген Еркебұлан Қайназаровқа берілді.

Топтан оза шапқан ақынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Ал бірінші орынға лайық деп танылған Батыс қазақстандық Бауыржан Ширмединұлына 1 млн. теңге берілді. Әрқайсысы 500 мың теңгенің сертификатына ие болған Бекарыс Шойбеков және Айбек Қалиев екінші орынға табан тіреді. Алматы қаласының тумасы Шұғайып Сезімхан, шымкенттік Нұрлан Есенқұлов пен Қалижан Білдаш үшінші орынды иемденсе, оларға 300 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Қалған қатысушыларға арнайы жүлде, Мәделіқожа, Майлықожа, Құлыншақ, Көппай Омаров, Тәушан Әбуова, Орынбай Тайманов және Қаныбек Сарыбаев атындағы жүлделер берілді.

«Наурыз айтыс» республикалық ақындар айтысы «Түркістан» сарайында қазіргі жағдайдағы барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Отбасылық кітапхана – тұрғындардың білімін арттыруға мол мүмкіндік

Next Post

«Өнер барысы» мегажобасы Шымкентте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі