13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық көлік паркі жаңарып келеді

13 августа, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қоғамдық көлік паркі жаңарып келеді
31
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Қалада жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, көлік инфрақұрылымын жаңғырту және автобустар паркін заманауи техникалармен толықтыру – жергілікті биліктің басым бағыттарының біріне айналған. Осы мақсаттағы жұмыстардың нәтижесінде қаладағы қоғамдық көлік паркі тағы да жаңа автобустармен толықты.


Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Bozjorga Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысыу барысында жаңа автобустардың әлеуетін де көріп шықты. Қалаішілік бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушы компания автопаркіне осылайша тағы да 17 заманауи автобус қосылды. Қала басшысы қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту – тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық көлік ең алдымен қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік талаптарына толық сай болуы тиіс. Сондықтан автобус паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді.
Жаңа автобустар 14 тамыздан бастап әлеуметтік маңызы бар №72 бағытта жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Бұл бағыт қаладағы тұрғын алаптарын әлеуметтік нысандармен, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен, сондай-ақ ірі сауда орталықтарымен байланыстырады. Осылайша жаңа автобустардың іске қосылуы күнделікті қатынайтын мыңдаған тұрғын үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа техникалардың басты ерекшелігі – олардың заманауи талаптарға сай жабдықталуы. Автобустар төмен еденді платформамен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар қозғалысы шектеулі азаматтар мен балалар арбасын пайдаланатын жолаушыларға арналған арнайы пандустар орнатылған. Бұл қоғамдық көліктің барлық санаттағы тұрғындар үшін қолжетімді болуына жағдай жасайды.
Қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Қыркүйек айында «Shymkent Bus» компаниясы қала бағыттарына тағы 31 жаңа автобус шығаруды жоспарлап отыр. Олар бүгінгі күні пайдаланылып жүрген ескірген Ankai маркалы автобустардың орнын басады. Бұл өз кезегінде техникалық ақауларды азайтып, жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
Жалпы, Шымкентте автобус паркін жаңарту жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар тұрғындардың қоғамдық көлікке деген сұранысын сапалы қамтамасыз етуге, жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыруға және қаланың заманауи көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Заманауи автобустар санының артуы экологиялық ахуалды жақсартуға, көлік қатынасын тиімді ұйымдастыруға және мегаполис тұрғындарының күнделікті өмір сапасын көтеруге де оң әсерін тигізеді.

Previous Post

Кезекте тұрғандарға баспана: Шымкентте тағы 40 отбасы пәтерлі болды

Next Post

«Туризм – үлкен мүмкіндіктер аумағы»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі