13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

28 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкентте қатты тұрмыстық қалдықты термиялық түрде өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешеннің құрылысы басталатын жерде капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd компаниясының басшылығы қатысты.

Ауқымды инвестициялық жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалдықты басқару жүйесін жетілдіру, экологиялық инфрақұрылымды дамыту және қалдықты қайта өңдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жоба қоршаған ортаны қорғауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде іске асырылып отыр.

Кешен жобалық қуаттылығы бойынша тәулігіне 1000 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықты өңдеп, 24 МВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады. Жобаға құйылатын тікелей инвестиция көлемі шамамен 54 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмысы 2026-2028 жылдар аралығында жүргізілетін жоба аясында кемінде 80 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Кешен іске қосылғаннан кейін қалдықты көму көлемі едәуір қысқарып, қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктеме азаяды. Сондай-ақ, қалдықты қайта өңдеудің заманауи тәсілдері енгізіліп, қосымша энергетикалық ресурс өндіріледі. Бұдан бөлек, өңдеу нәтижесінде қалған күлден құрылыс материалдарын шығару жоспарланған.

Жобаны іске асырудың басталуы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі болды. 2024 жылы Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы бауырластық байланыстарды дамыту аясында қала әкімі бірқатар өндірістік нысанды аралап, Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығымен бірге әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізген болатын.

Кездесулердің қорытындысында осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол Shaanxi Construction Engineering компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Сол жылы қала әкімдігі мен компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен инвестор арасында инвестициялық келісімге қол қойылды.

«Бүгін біз Шымкенттің маңызды экологиялық жобаларының бірінің негізін қалап отырмыз. Бұл кешеннің іске асуы қалдықты басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, заманауи қайта өңдеу технологияларын енгізуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Серіктестеріміз бен инвесторларымызға сенімі мен бірлескен еңбегі үшін алғысымды білдіремін», – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

 

Previous Post

Кезексіз әрі артық күтусіз: Шымкент тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-ларда жеке қызмет көрсетуді жиі таңдайды

Next Post

В шымкенте прошли конкурсы-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі