13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Арман Орынбеков Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы атанды

18 марта, 2021
in Білім
0
Арман Орынбеков Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының үздік педагогі Арман Орынбеков «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды. Марапатты ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады.

Арман Орынбеков — Шымкент қаласындағы № 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры болып қызмет атқарады. Арман Шымбайұлы 20-дан астам әдістемелік-оқу құралдарының авторы, сондай-ақ оның жетекшілігімен әріптестерінің 80-ге жуық әдістемелік-оқу құралдары жарық көрген.

Ол «Үздік педагог-2019» атағының иегері. TEACHER PRIZE KAZAKHSTAN, «ӘЛЕМ МҰҒАЛІМІ – 2020, 2021» әлемдік байқауының іріктеу кезеңдеріне қатысушы.

1999-2012 жылдар аралығында қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларында 21 оқушысы; қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық тарих, құқық, азаматтану пәндерінің конкурстарында, дебат сайыстарында 70-ге жуық оқушылары жүлдегер атанған.

Сонымен қатар, мектеп-гимназияның оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі  әр түрлі білім, өнер, спорттық байқаулар мен жарыстарда, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарында 300-ге жуық,  ұстаздары қалалық пәндік олимпиадалардан және әр түрлі деңгейдегі  байқаулардан  100-ден астам  жүлделі орындарды жеңіп алған.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзАрман Орынбековбілім басқармасыШымкент
Previous Post

Әскери мүлікті жымқырғандарға қылмыстық жауапкершілік қандай?

Next Post

Күш атасы Қажымұқанның өмір жолынан сахналық қойылым қойылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі