13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселелері түсіндірілді

9 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселелері түсіндірілді
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Орталық Азия инновациялық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қарастырылған негізгі өзгерістерді талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті. Жиын барысында Конституциялық реформалардың мәні, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту және құқықтық нормаларды жетілдіру мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Кездесуді университет ректоры Ақмалдин Әжидинов ашып, жаңа Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуы үшін маңызды кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2026 жылғы 15 наурызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген заңнамалық реформаларды ғылыми ортада талдау және түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.

Университет басшысы жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіп, азаматтардың құқықтары мен қоғамдық бастамаларына басымдық беретін жаңа модель қалыптастыратынын жеткізді. Оның пікірінше, бұл өзгерістер тек құқықтық құжатты жаңарту емес, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Жиында заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Ботабек Имашев Конституцияның жаңа редакциясына қатысты сараптамалық пікірін білдірді. Ол негізгі заңдағы өзгерістердің бірі – заң шығарушы билік жүйесін реформалау екенін атап өтті. Сарапшының айтуынша, қос палаталы парламенттің орнына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутаттан тұратын бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайдың құрылуы мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі болып саналады.

Ботабек Имашев Құрылтайдың өкілеттіктері кеңейтіліп, оның мемлекет ісіндегі рөлі артқанын атап өтті. Бұл азаматтардың қоғамдық мәселелерді көтеруге, заң шығару үдерісіне ұсыныстар енгізуге және мемлекеттік шешімдерді қалыптастыруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Кездесу барысында жаңа Конституцияда ерекше мән берілген «Халық кеңесі» институты да талқыланды. Сарапшының түсіндіруінше, бұл тұрақты жұмыс істейтін орган емес, белгілі бір сессиялар барысында жиналып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын кеңесші құрылым болып табылады. Оның құрамына этнос өкілдері, мәслихат депутаттары және азаматтық сектор мүшелері кіріп, халықтың ұсыныстары мен бастамаларын талқылауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар жиында азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа нормаларға ерекше назар аударылды. Сарапшылар сот жүйесіндегі адвокаттар мен прокурорлардың өкілеттіктерін теңестіру құқықтық процестегі тараптардың бәсекелестігін арттыратынын атап өтті. Сондай-ақ ұсталған азаматтарға олардың құқықтарын, соның ішінде үнсіздік сақтау құқығын міндетті түрде түсіндіру нормасының енгізілуі адам құқықтарын қорғау бағытындағы маңызды өзгеріс ретінде бағаланды.

Ботабек Имашев білім беру саласындағы зайырлылық қағидатына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл қағида діни сенім бостандығын қамтамасыз ете отырып, білім беру жүйесінің бейтараптығын сақтауға бағытталған. Зайырлы білім беру қағидаты ғылым мен білімнің дамуына қолайлы орта қалыптастырудың маңызды негізі болып табылады.

Кездесуде Орталық Азия инновациялық университетінің Құқық кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Жайлауова да өз пікірін білдірді. Ол университет ұжымы арасында Конституциялық реформалардың мазмұнын түсіндіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа Конституциядағы адвокатура институтының рөлін күшейтуге бағытталған өзгерістер құқық саласы мамандары үшін маңызды қадам болып табылады. Адвокаттардың құқықтық мәртебесінің нығаюы болашақ заңгерлердің кәсіби дайындығына оң әсер етіп, студенттердің құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырады.

Сонымен қатар жаңа Конституция білім беру саласының дамуына, цифрландыру үдерісінің жандануына және заманауи басқару тетіктерін енгізуге мүмкіндік беретіні айтылды. Университет өкілдері мұндай талқылаулар студенттер мен оқытушылардың құқықтық сауатын арттырып, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Осындай ғылыми-танымдық кездесулер Конституциялық реформалардың мазмұнын терең түсіндіруге, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға және азаматтардың мемлекет дамуына белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Previous Post

Среди студентов Шымкента провели разъяснительную работу по Новой Конституции

Next Post

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі