13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскердегі арулар болашақ сарбаздармен кездесті

18 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Әскердегі арулар болашақ сарбаздармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысы қызметінің ұйымдастыруымен нәзік жанды әскери қызметшілер Наурыз айының «Көрісу күні» мерекесіне арналған «Мен өз елімнің – Патриотымын!» тақырыбында  №129 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбының тәрбиленушілерімен кездесті.

Қазіргі таңда нәзік жанды арулар, ерлермен қатар қызмет атқарып, Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ізімен жүрген нәзік жандылар аз емес.Нардың жүгін арқалап жүрген қыз-келіншектер әскердің қатаң тәртібіне төзіп, қызметте жауынгерлік міндетін абыроймен орындау арқылы көпшілікке үлгі болып келеді.

Отансүйгіш жастарды тәрбиелеудің негізі білім ордасы мектептен басталады. Осы орайда әскер қатарында жүрген арулардыңжас ұрпақтыОтансүйгіштік қабілетін ояту, елімізді қорғауға қызығушылығын арттыру, Қазақстанның нағыз патриоты болып тәрбиелену мақсатындағы ұйымдастырылған бұл кездесу оқушыларға өте қызықты болды. Әскери қызметтегі аруларды өз көздерімен көріп, сұхпаттасу кеші оқушыларға ерекше әсер берді. Кездесу барысында оқушылар көкейдегі қызықты сұрақтарын қойып, тиісінше өздеріне керекті тұжырымды жауаптарын алды.

«Бауыржан атамыздың «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген ұлағатты сөзіне сүйене отырып,  жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, патриоттық тәрбиеге баулу бүгінгі шараның басты міндеттерінің бірі. Біздер жас ұрпақты тәрбиелеп, оларға үлгі бола алсақертеңгі күні еліне қорған болатын, жаһандану заманында ұлтының шырағын сөндірмейтін ұлт көшбасшыларының шығары сөзсіз»,- деді қатардағы жауынгер Айдана Кенжебекова.

Шара соңында оқу орынның алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі запастағы аға лейтенант Мырзахан Сариев әскери бөлім ұжымына алғысын білдіріп, еңбектеріне толағай табыс тіледі.

2 сыныпты сержант Мақсат Жақсыбек

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзЖас сарбазШымкент гарнизоныәскер
Previous Post

"Отбасы банк" пен "Jas Otan" өкілдері базарда кеңес берді

Next Post

Шымкент : Жас сарбаздықтар табиғатқа жанашырлық танытты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі