13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің бастауы

1 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің бастауы
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Шымкентте алқалы жиын өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар және түрлі сала мамандары қатысты.
Конференцияны Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жүргізді. Ол жиынға қатысушыларды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтап, бұл күннің ел тарихындағы айрықша маңызын атап өтті.
– Бүгін – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Конституцияны «халықтық Конституция» деп атады. Бұл – кездейсоқ айтылған сөз емес. Өйткені, жаңа Ата Заң бүкіл халықтың тікелей еркімен қабылданды. Оның әрбір қағидаты ел азаматтарының ортақ таңдауына, қоғамның сұранысына және мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуына негізделген. Бүгіннен бастап Қазақстан өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл- Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа белес. Жаңа Конституция еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен жауапкершіліктің жаңа үлгісін, – деді ол. Оған қоса, жаңа Конституция Қазақстанның дамуының жаңа кезеңін бастап, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екенін айтып өтті.
Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттейтін маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттің негізгі қағидаттары мен даму бағыты айқын көрініс табады. Сондықтан Ата Заңның қабылдануы немесе оның күшіне енуі – ел тарихындағы ерекше саяси-құқықтық оқиға ғана емес, мемлекеттің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын білдіретін маңызды белес.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі де – елдің құқықтық жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам. Халықтың ерік-жігеріне сүйене отырып қабылданған жаңа Ата Заң адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, заң үстемдігін орнықтыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтық қоғамның рөлін нығайтуға негіз қалайды. Бұл құжат Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімнің жаңа кезеңін айқындай түспек. Жаңа Конституцияның күшіне енуі – құқықтық құжаттың қолданысқа енгізілуі ғана емес, қоғам өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін маңызды оқиға. Осы тарихи күнге орай «Қызғалдақ» сарайында өткен басқосуда жаңа Ата Заңның қоғам мен мемлекет дамуындағы орны, оның негізгі қағидаттары мен азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі жан-жақты сөз болды.
Жиын барысында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұратәлі Қалмұратов жаңа Конституцияның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызына тоқталса, Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бердіқұл Садықов жастарға құқықтық тәрбие беру мен заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру мәселесін сөз етті.
Қатысушылар жаңа Конституцияның нормаларын тиімді жүзеге асыру, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөнінде ой алмасты.
Іс-шара соңында қатысушылар жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет ететініне сенім білдіріп, естелік суретке түсті.
Жаңа Конституция – бүгінгі буынның ғана емес, келер ұрпақтың да жарқын болашағына бағытталған стратегиялық құжат. Оның өміршеңдігі заң баптарымен ғана емес, әрбір азаматтың құқықтық санасы мен жауапкершілігі арқылы айқындалады. Сондықтан жаңа Ата Заңның құндылықтарын дәріптеу, оны күнделікті өмірде басшылыққа алу – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ортақ мақсат пен ортақ жауапкершілік болып қала бермек.

Previous Post

Шымкенттің Абай және Әл-Фараби аудандық ХҚКО-лары 1 шілдеден бастап жұмыс режимін өзгертеді

Next Post

6 шілдеде Шымкенттегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі