13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМДАР АДАМ ӨМІРІН САҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

1 июня, 2026
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМДАР АДАМ ӨМІРІН САҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жол қозғалысын басқарудың заманауи технологиялары кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Қалада іске қосылған Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) бүгінде көлік ағынын тиімді реттеп қана қоймай, шұғыл қызметтердің жұмысын жеделдетуге де мүмкіндік беруде. Соның ішінде жедел медициналық көмек көліктерінің қозғалысына басымдық беру функциясы адам өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқаруда.

Қазіргі уақытта қаладағы бес реанимациялық жедел жәрдем көлігі ITS жүйесімен біріктірілген арнайы GPS-трекерлермен жабдықталған. Бұл технология жедел жәрдем көлігінің нақты орналасқан орнын онлайн режимде бақылауға және оның қозғалыс бағытын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Арнайы шақыртуға шыққан жедел жәрдем көлігі жол қиылысына жақындаған кезде интеллектуалды жүйе автоматты түрде бағдаршамдардың жұмыс режимін өзгертеді. Нәтижесінде көлік қозғалысының бағыты бойынша «жасыл дәліз» қалыптасып, жедел жәрдемнің кедергісіз әрі қауіпсіз қозғалуына жағдай жасалады. Бұл шешім әсіресе көлік қозғалысы тығыз уақыттарда үлкен маңызға ие.

Мамандардың айтуынша, мұндай технология медициналық бригадалардың оқиға орнына жету уақытын айтарлықтай қысқартады. Ал төтенше жағдайларда әрбір минуттың маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жүйенің тиімді жұмысы ауыр жағдайдағы науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге және адам өмірін сақтап қалуға тікелей ықпал етеді.

Бүгінде Интеллектуалды көлік жүйесі Шымкент қаласындағы 354 бағдаршам нысанын қамтып отыр. Жүйе жолдардағы көлік қозғалысын тәулік бойы бақылап, көлік ағынының қарқындылығын нақты уақыт режимінде сараптайды. Жиналған деректер негізінде бағдаршамдардың жұмыс уақыты автоматты түрде реттеліп, жолдардағы кептелістерді азайтуға мүмкіндік жасалады.

Сонымен қатар ITS жүйесі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, көлік ағынын оңтайландыруға және жүргізушілер үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған. Жүйе қала көшелеріндегі көлік қозғалысының тиімділігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.

Қаланың көлік инфрақұрылымын цифрландыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Мамандар интеллектуалды жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қоғамдық көлік қозғалысын бақылауды жетілдіру, арнайы қызметтердің жұмысына қосымша қолдау көрсету және қалалық мобильділікті жаңа деңгейге көтеру жоспарланып отырғанын атап өтуде.

Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу – Шымкенттің «ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі. Заманауи технологиялардың көмегімен қала тұрғындарының қауіпсіздігі артып, жедел қызметтердің жұмысы тиімді бола түсуде. Бұл өз кезегінде мегаполистің жайлы әрі қауіпсіз қала ретінде дамуына серпін береді.

Previous Post

4,6 ТРЛН ТЕҢГЕ: ШЫМКЕНТТЕ ШОБ ӨНІМІ 34,5 %-ҒА АРТТЫ

Next Post

«БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ҮШІН» АУҚЫМДЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі