13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІН ЖЕҢУГЕ МҮМКІНДІК БЕРГЕН ОРТАЛЫҚ

5 июня, 2026
in Uncategorized
0
ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІН ЖЕҢУГЕ МҮМКІНДІК БЕРГЕН ОРТАЛЫҚ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету – «AMANAT» партиясының әлеуметтік саладағы басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Шымкент қаласында ашылған «Отбасын қолдау орталығы» бүгінде мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетіп, жүздеген отбасының өміріне оң өзгеріс әкелген маңызды әлеуметтік ортаға айналды.

Орталықтың ашылуы қоғамдағы нақты қажеттіліктен туындаған. Соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық, алимент өндіру, жұмыссыздық, баспана мәселесі мен психологиялық қиындықтарға байланысты көмек сұрайтын азаматтардың саны артқан. Сондықтан құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қызметтерді бір жерден көрсету уақыт талабына айналып отыр.

Бүгінде мұнда азаматтарға құжаттандыру, жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеу, денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізу, тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу және материалдық қолдау алу бағытында көмектер көрсетіледі. Орталықта 30-дан астам маман еңбек етеді. Сонымен қатар құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерінен құралған мобильді топтар өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды ерте анықтап, қажетті қолдау шараларын ұйымдастырады. Бұл жұмыстарды үйлестіру үшін «FSM Social» ақпараттық жүйесі енгізіліп, көмекке мұқтаж азаматтарды дер кезінде анықтау тетігі қалыптастырылған.

Әлеуметтік жұмыс маманы Дильназ Нұрахманның айтуынша, соңғы уақытта психологиялық қолдауға мұқтаж аналардың да саны арта бастаған.
«Көп жағдайда азаматтар материалдық қиындықпен ғана емес, психологиялық күйзеліспен де жүгінеді. Сондықтан біз әрбір өтініш берушімен жеке жұмыс жүргізуге тырысамыз. Айта кетсек, «111» байланыс орталығынан келіп түскен ақпарат бойынша 194 адамға қолдау шаралары көрсетілсе, соның 82-не психологиялық тұрғыда көмек берілген», – дейді ол.

Орталық жұмысының нәтижесін қызмет алушылардың тағдырынан анық көруге болады. Солардың бірі – төрт баланың анасы Арайлым Бейсенова. Үш жыл бұрын жол апатынан күйеуінен айырылған ол балаларымен жалғыз қалып, ауыр кезеңді бастан өткерген.

«Алғашында қайда барарымды, кімнен көмек сұрарымды білмедім. Кейін «AMANAT» партиясының қолдауымен жұмыс істейтін Отбасын қолдау орталығы туралы естіп келдім. Мұнда маған психологиялық қолдау көрсетіліп, тігін курсына қатысуға мүмкіндік берілді. Кейін жұмысқа орналасып, балаларымды балабақшаға орналастыруға көмектесті. Бүгінде өзіме деген сенімім артты», – дейді Арайлым Бейсенова.

Бұл орталық жұмысының жүздеген мысалының бірі ғана. Мұнда азаматтарға кеңес берумен шектелмей, оларды қоғамға бейімдеу, кәсіп меңгеруге бағыттау және тұрақты табыс табуына жағдай жасау жұмыстары қатар жүргізіледі.

Жыл басынан бері орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған 1203 азаматқа 1500-ден астам қолдау шарасын көрсеткен. «FSM Social» жүйесі арқылы тіркелген азаматтарға 1300-ден астам қызмет ұсынылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар нәтижесінде 26 отбасының сақталып қалуына ықпал етілді.

Бұл көрсеткіштер әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесін аңғартады. Әрбір санның артында адам тағдыры, қиындықтан шығудың жолын тапқан отбасы және болашаққа деген сенім тұр.

«AMANAT» партиясы үшін әлеуметтік саясат – бағдарламалық міндет қана емес, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты жұмыс. Шымкенттегі Отбасын қолдау орталығы осы ұстанымның нақты көрінісіне айналды. Бүгінде бұл жерден көмек алған азаматтардың жаңа өмір бастауға мүмкіндік алып, ертеңгі күнге сеніммен қарауы – атқарылған жұмыстың басты нәтижесі. Ал орталықтың жетістіктері партияның әлеуметтік бастамалары қоғам үшін маңызды әрі сұранысқа ие екенін дәлелдеп отыр.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДӘРІПТЕГЕН «ЭКОЛОГ САҒАТЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

ЖЕНСКОЕ КРЫЛО: ЖЕНЩИНЫ ШЫМКЕНТА РАЗВИВАЮТ ЛИДЕРСТВО ПОД РУКОВОДСТВОМ НАРГИЗЫ КЕРИМБАЕВОЙ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі