13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің бұйрықтарына өзгерістер дайындалды

11 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Қорғаныс министрінің бұйрықтарына өзгерістер дайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 745 бұйрығына және  «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі  № 350 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Құжаттарда бұйрықтардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелгені көрсетілген. Бұл ретте кадрларды ротациялауға байланысты өзгертулер енгізу қажеттілігін болдырмау үшін оның тегі көрсетілмейді.

Одан басқа, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағидаларындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 644 бұйрығында 4-тармақтың 5-тармақшасы алып тасталды, өйткені мемлекеттік органның құзыретіне жеке құрамды шет мемлекеттеріне жіберу кезінде виза алу үшін консулдық алымдарды төлеу кірмейді.

Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7240841.  

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте полицейлерді ковидке қарсы вакциналау жұмыстары басталды

Next Post

SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа әсері байқалуы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі