13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жастар заң мен тәртіп жолында: Шымкентте ауқымды жастар слеті өтті

25 мая, 2026
in Uncategorized
0
Жастар заң мен тәртіп жолында: Шымкентте ауқымды жастар слеті өтті
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкентте жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды «Жас сақшы» және волонтерлар слеті ұйымдастырылды. Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында өтті.«Металлург» стадионындағы тағылымды кездесуге «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары, жол қозғалысының жас инспекторлары, колледж студенттері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, жалпы саны 500-ге жуық жастың басын қосты.
Ауқымды іс-шара барысында қатысушылар үшін түрлі танымдық әрі қызықты сайыстар, командалық квест ойындары мен тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылды. Жастар құқықтық сауаттылық, тәртіп пен қауіпсіздік бағытындағы тапсырмалар арқылы өз білімдері мен ептіліктерін сынады.
Слет аясында полиция департаментінің арнайы техникасы мен заманауи құрал-жабдықтары таныстырылып, қатысушыларға арнайы көрме ұсынылды. Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі — жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қойылымы мен кинологиялық орталық мамандарының қызметтік иттермен көрсеткен арнайы бағдарламасы болды.
Сондай-ақ полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы күрес, киберқауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын құрметтеу мәселелері жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас буынның құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың ел қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке және қоғам алдындағы жауапкершілікке деген көзқарасын нығайтуға ықпал етеді.

Previous Post

Молодежь выбирает закон и порядок: масштабный слёт «Жас сақшы» и волонтёров прошел в Шымкенте

Next Post

ШЫМКЕНТ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі