13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті

26 мая, 2026
in Uncategorized
0
Шымкентте «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторий өтті. Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған ауқымды жоба отандық деректі киноны насихаттап, ел тарихындағы маңызды оқиғаларды көрерменге кеңінен таныстыруды мақсат етеді.

Кинолекторий аясында көрермен назарына «ARAL» және «Қуатты серіктес» деректі фильмдері ұсынылды. «ARAL» фильмі Арал теңізіндегі балық шаруашылығына ғұмырын арнаған Күнтуған Тұрғынбаевтың өмір жолы арқылы теңіз тағдыры мен өңірдің бүгінгі тынысын бейнелейді.

Ал «Қуатты серіктес» деректі фильмі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған ресми сапары мен екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуын арқау етеді. Іс-шараның ашылуында ҚР Президенті Телерадиокешені Деректі кино орталығының директоры Ақылбек Шалжанов кинолекторийдің маңызына тоқталды.

– Бұл жоба жай ғана фильм көрсету емес. Басты мақсатымыз – көрерменмен ашық пікір алмасып, ел тарихындағы маңызды кезеңдерді деректі кино арқылы жеткізу. Президент Телерадиокешенінің шығармашылық ұжымы 30 жыл бойы Тәуелсіз Қазақстанның бейнешежіресін жасап келеді. Бұл – болашақ ұрпақ үшін құнды мұра, – деді ол.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек деректі фильмдердің қоғам үшін маңыздылығын да атап өтті.

– Біз кейде ресми сапарлар мен тарихи оқиғалардың астарына терең үңіле бермейміз. Ал мұндай фильмдер сол үдерістердің шынайы мазмұнын көрсетеді. Президенттің Арал мәселесіне, еңбек адамына ерекше назар аударуы – ел болашағына деген жанашырлықтың айқын көрінісі, – деді қала әкімінің орынбасары.

Фильмдер Президент Телерадиокешенінің Деректі кино орталығында түсірілген. Көрсетілімге орталық мамандары арнайы қатысып, көрермендермен еркін форматта пікір алмасты.

Кинолекторийдің екінші күнінде көрермендерге «Серт» және «Travel Kazakhstan» деректі фильмдері ұсынылады. Айта кетейік, «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі еліміздің 20 қаласын қамтиды. Жоба аясындағы көрсетілімдер өңірлік әкімдіктердің қолдауымен ұйымдастырылып, көрермендер үшін тегін өткізілуде.Шымкентте «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті.Шымкентте «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған арнайы жоба аясында отандық деректі фильмдер көрсетіліп, көрермендерге ел тарихындағы маңызды кезеңдер мен заманауи мемлекеттік дамудың негізгі бағыттары таныстырылды. Кинолекторийдің мақсаты – деректі кино арқылы қоғамның тарихи жадысын жаңғырту, азаматтардың отандық контентке қызығушылығын арттыру және ашық пікір алмасу алаңын қалыптастыру. Шараға қала тұрғындары, жастар, мәдениет саласының өкілдері мен студенттер қатысты. Көрсетілімнен кейін қатысушылар фильмдерде көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, авторлар мен ұйымдастырушыларға сұрақтар қойды. Бұл бастама еліміздің түрлі өңірлерінде жалғасып, көрерменге сапалы деректі киноны кеңінен насихаттауға бағытталған.

Previous Post

В Шымкенте состоялся показ республиканского кинолектория «Хроникадан – болашаққа»

Next Post

ЕЛ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ ҚҰБЫРІШІЛІК ДИАГНОСТИКА ЕНГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі