13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

21 мая, 2026
in Жаңалықтар
0
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Ол қоғамдағы әділдік қағидаттарын бұзып, халықтың мемлекетке деген сенімін төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – лауазымды тұлғаның өз қызметтік өкілеттігін жеке басының пайдасы үшін заңсыз пайдалануы. Мысалы, пара алу, пара беру, қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану сияқты әрекеттер осы ұғымға жатады. Сыбайлас жемқорлықтың зияны өте зор.

Біріншіден, ол мемлекет экономикасының дамуын тежейді. Екіншіден, қоғамдағы теңдік пен әділеттілікке нұқсан келтіреді. Үшіншіден, жастардың заңға деген құрметін азайтады. Егер қоғамда жемқорлық белең алса, адал еңбек пен білімнің қадірі төмендейді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп, азаматтардың құқықтарын қорғауға және ашықтықты қамтамасыз етуге күш салады. Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар күшейтіліп, заңнамалар жетілдірілуде. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін ең алдымен әр адам өзінен бастауы керек. Адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойға сіңіру өте маңызды. Жастарды парасаттылыққа тәрбиелеу арқылы ғана біз болашақта жемқорлықсыз қоғам құра аламыз.

Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес, ол – мемлекет беделіне деген халықтың сеніміне селкеу түсіретін және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін жағымсыз әлеуметтік құбылыс. Жемқорлық жойылмай, ешбір ел табысты  дами алмайды. Сол себепті әлемнің барлық мемлекеттері бұл қоғамдық індетке қатты алаңдаушылық білдіріп отыр.

Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.  Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпымемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізілуде.  Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі-моральдық тарап үлкен рөл атқаратын заңды сақтау. Өйткені, тәкаппар адам заңдарды бұзбайды. Жалпы айтқандай, егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Бұдан шығатыны, егер әрбір азамат әрқашан өзінен бастаса, мысалы, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жемқорлық азаяды.  Осылайша, сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс.  Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етіп, әлеуметтік экономикалық даму үдерісін баяулатады, сайып келгенде, елдің даму болашағына үлкен қауіп төндіреді.

Көк байрағымыз күн сөнгенше желбіресін десек, ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы арман еткен асыл мұратын мансұқтауға, қызыл қаны мен қара тері қатар сіңген аманатын аяқасты қылуға жол беруге болмайды. Адалдық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру қажет.

Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі мемлекет беделіне нұқсан келтіретін зұлымдықпен ымырасыз күресу болып табылады. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, бұл дерттің одан әрі асқынбауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен пәрменді күресу жолында, сөз жоқ, тұрғындар арасында ақпараттық-құқықтық түсіндіру, жалпы құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу маңызды рөл атқарады.

Әрбір азамат өзінің құқықтарын меңгеріп қана қоймай, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда нақты не істеу керектігін толық білуі қажет. Бұл орайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуде ағартушылық, білім беру, тәрбие жұмыстарымен бірге, жаңа орта қалыптастыру да өз үлесін қоса алады.

Әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыздық көзқарасты қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары жүзеге асып жатыр.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына үлкен қауіп төндіретін теріс құбылыс. Онымен күресу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат заңды құрметтеп, адал өмір сүруге ұмтылса, еліміздің болашағы жарқын болады.

Н.Бақтайбек 

Шымкент қаласы Әділет департаменті

Әкімшілік бөлімінің бас маманы                                          

Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ СОХРАНЯЕТСЯ РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА И АКТИВНО РЕАЛИЗУЮТСЯ ИНВЕСТИЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ

Next Post

Шымкентте 100 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі