13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлемақы негізсіз есептелген: Шымкентте 2500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

20 мая, 2026
in Жаңалықтар
0
Төлемақы негізсіз есептелген: Шымкентте 2500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен жиынға Шымкент қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Батыр Ергешов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, Кеңес төрағасы Қайрат Акенов, мемлекеттік органдардың жетекшілері мен бизнес өкілдері қатысты.

Бизнес субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдармен ашық диалог орнатуына бағытталған жиынның күн тәртібінде жарнама саласындағы кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау бойынша қабылданған шаралар, тексерулердің нәтижелері, анықталған бұзушылықтар туралы айтылды.

«Шымкент қаласының прокуратурасы 2,5 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. Біз жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сыртқы жарнама бойынша қабылданып жатқан шараларының заңдылығына талдау жүргіздік. Осы бойынша сыртқы жарнаманы орналастырған 4286 кәсіпкерге мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша ұсынымдар берілмей, бұзушылықтарды өз еркімен жою құқығы шектелген, сонымен қатар, жарнама болып табылмайтын 127 маңдайша негізсіз сыртқы жарнама ретінде есепке алынып, төлемақылар белгіленген және сыртқы жарнама нысанын орнатпаған 115 тұлға негізсіз төлемақы төлеушілер ретінде танылғаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша бюджетке заңсыз өндірілген 260 млн теңге төлемақы қайтарылып, 2 571 кәсіпкер мен жеке тұлғалардың құқықтары қорғалды.

Осы орайда прокуратура кәсіпкерлерді сыртқы жарнаманы пайдалану үшін тиісті басқармаға жарнама орналастыру туралы хабарлама беруге, жарнаманың көлеміне сәйкес есептелетін төлемақыны төлеп, заң талаптарын сақтауға шақырады», – деді қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Батыр Ергешов.

Жиында, бұған қоса. биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31-ге дейін ұлғайтылғаны айтылды, осыған орай әлеуметтік маңызды өнім өндірушілерді қолдау шаралары қолға алынған.

«ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес босату тарифі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірушілеріне қолданылады. Заңнамаға сәйкес, мұндай өндірушілер үшін электр энергиясының тарифі 1 кВт·сағатына 41,06 теңгеден 34,31 теңгеге төмендетіледі. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, бағаның тұрақтауына оң әсер етеді» – деді прокурор.

Жиында, сонымен қатар, Қайрат Акенов Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің атқарылған жұмысы мен нәтижелер туралы баяндап берді.

Previous Post

Мұхтархан Ділдәбеков атындағы халықаралық бокс турнирі Түркістанда басталды

Next Post

«AMANAT»: «QYZGALDAQ» САРАЙЫ ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі