13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

МАҚТААРАЛДА АЛҒАШҚЫ ЕКІ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУДА

12 июня, 2020
in Қоғам
0
МАҚТААРАЛДА АЛҒАШҚЫ ЕКІ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданындағы жаңа мөлтек ауданда алғашқы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір екі баспананың есік-терезелері орнатылып,  ішкі әрлеу жұмыстары алдағы бір-екі күнде толығымен аяқталмақ. Бұдан бөлек, 5 үйдің шатыры жабылып, қалған 13 үйдің қабырғалары өрілуде. Құрылыс жұмыстары бітуге таяп қалған қос үй «Нүрі-Л-Жетісай» компаниясына тиесілі.  Бүгінде аталған компанияда 130 құрылысшы мен 20-дан астам техника тынбай жұмыс істеуде.

«Қазір құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Құрылыс материалдарынан қолбайлау жоқ. Қол күші мен техникалар жеткілікті. Соның нәтижесінде біз алғашқы екі үйіміздің құрылысын аяқтауға жақынбыз. Мұндағы құрылысшыларға барлық жағдайлар жасалған. Белгіленген кестеге сай жұмыс атқару үшін екі кезеңде еңбек етуге тура келіп тұр. Жалпы біздің компания осы мөлтек ауданнан 20 үйдің құрылысын салуды өз мойына алған болатын», – дейді «Нүрі-Л-Жетісай» компаниясының шебері  Жұмағали Әйтеков.

«Нүрі-Л-Жетісай» компаниясы жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары бойынша көш бастап келеді. Өйткені олар жаңбырлы кезеңдерде де тоқтаусыз жұмыс істеп, ауыр техникалар жүретін жолдарға дер кезінде тас төсеп отырыпты. Содан болса керек, мұндағы үйлердің іргетастары бір мезетте құйылып, қабырғалары да бір кезеңде қалануда.

Жалпы айта кетейік, жаңа мөлтек ауданда 37 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде.  Мұндағы 383 тұрғын үйдің құрылысына 1334 адам жұмылдырылған. Бұл үйлердің құрылыс жұмыстары ҚР Үкіметінің резерві және Қорлар есебінен («Б.Өтемұратов», «Салиқалы ұрпақ» және «БізБергеміз») жүргізілуде.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУА ҚЫЗАНАҚТЫҢ 40 ТҮРЛІ СОРТЫН ӨСІРЕДІ

Next Post

МАҚТААРАЛДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА 800-ДЕН АСТАМ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ТАРТЫЛҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі