13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы көш бастап тұр: 2000-нан астам ауыл оқушысы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының екінші кезеңіне қатысып жатыр

28 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы көш бастап тұр: 2000-нан астам ауыл оқушысы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының екінші кезеңіне қатысып жатыр
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2026 жылдың 28 сәуірінде Түркістан облысында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі басталды. Олимпиада 30 сәуірге дейін жалғасады. Жоба жетінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «El Umiti» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен және биыл алғаш рет Ұлттық тестілеу орталығының негізінде өтіп жатыр.

Түркістан облысы қатысушылар саны бойынша да, ІІ кезеңге өткен финалистер үлесі бойынша да өңірлер арасында көш бастап отыр. Өңірден 2068 ауыл оқушысы Республикалық физика-математика, «Білім-Инновация» және «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейлерінде білім алу мүмкіндігі үшін ІІ кезеңге қатысып жатыр.

Жалпы 2026 жылы олимпиаданың І кезеңіне республика бойынша 42 079 6-сынып ауыл оқушысы қатысса, соның 5000-ы ІІ кезеңге жолдама алды. Оның 41%-ын Түркістан облысының оқушылары құрайды. Бұл — өңірдегі ауыл оқушыларының білімге деген жоғары ынтасының айқын көрсеткіші.

Жобаның миссиясы — ауыл мектептерінде білім алатын оқушылар үшін әлеуметтік лифт қалыптастыру, сапалы білімге қолжетімділікті арттыру және дарынды балаларға жаңа мүмкіндіктер ашу.

Жоба жетекшісі Қайроллаев Абылайхан өз сөзінде:

«Соңғы алты жыл ішінде олимпиадаға 800 мыңға жуық оқушы қатысып, 6000 жеңімпаз анықталды. Олардың 1800-ден астамы мамандандырылған мектептерде білім алуда. 2025 жылы алғашқы 145 түлек мектепті аяқтап, жоғары оқу орындарына оқуға түсті» — деді.

Олимпиадаға қатысу жыл сайын тегін түрде жүзеге асады. Тіркелу 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында 1000bala.elumiti.kz сайты мен Umitten мобильді қосымшасы арқылы жүргізілді.

Екі кезеңнен тұрады:

І кезең (1-10 сәуір) — логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша онлайн тестілеу;

ІІ кезең (28-30 сәуір) — математикалық сауаттылық, қазақ тілі (қазақ сыныптары үшін), орыс тілі (орыс сыныптары үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша офлайн тестілеу.

Previous Post

Шымкентте 118 әскери міндетті Отанға адал болуға ант берді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі