13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери міндеттілермен оқу жиыны өтуде

28 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери міндеттілермен оқу жиыны өтуде
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Ақтас» оқу полигонында әскери міндеттілермен арнайы оқу-жаттығу жиындары басталды. Іс-шара Мемлекет басшысының аумақтық қорғанысты ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасы аясында өткізіліп, 50120 әскери бөлімінің базасында ұйымдастырылды.

Жиындарға Шымкент қаласының бес ауданынан шақырылған 150-ден астам әскери міндетті тартылды.
Жиындар әскери бөлімді жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіру және жеке құрамды қабылдау пунктін өрістетуден басталды. Он күн ішінде қатысушылар жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша теориялық білім алып, практикалық дағдыларды меңгереді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери міндеттілердің практикалық дағдыларын жетілдіру, жауынгерлік әзірлік деңгейін сақтау және оларды өз міндеттерін орындауға дайындау.
50120 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Мақсат Оспановтың айтуынша, сабақтар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес тәжірибелі офицерлер, сержанттар мен нұсқаушылардың жетекшілігімен өткізіледі. «Ақтас» полигонында сапалы оқу өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған: казармалар, асхана және оқу сыныптары жабдықталған.
Мұндай жиындардың тұрақты түрде өткізілетіні атап өтілді. Дайындық кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен жалақысы сақталады, сондай-ақ олар киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етіледі.
Жиынның қорытынды кезеңінде «Стратегиялық нысандарды күзету және қорғау кезіндегі жеке құрамның іс-әрекеттері» тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізіледі. Практикалық сабақтар барысында әскери қызметшілер блок-бекеттерге диверсиялық-барлау топтарының шабуылын тойтару әрекеттерін пысықтайды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістандық жастар Алматыға әскерге аттанды

Next Post

Шымкентте 118 әскери міндетті Отанға адал болуға ант берді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі