13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Кезекті топ әскерге аттанды

16 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Кезекті топ әскерге аттанды
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының жинақтау бекетінде Қарулы күштер қатарын жасақтау жоспары аясында 40 сарбазды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Олар бастапқы әскери дайындық курсынан өткен соң Қонаев қаласындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімінде қызмет атқаратын болады.

Көктемгі шақыру науқанының жоспарына сәйкес, Шымкент қаласынан ҰҚК Шекара қызметіне 150 жас, Мемлекеттік күзет қызметіне 30 азамат, ал 4 сәуірден бастап Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне 80 азамат медициналық және психологиялық комиссиядан өтіп, шақыру комиссиясының оң шешімімен жіберілді. 30 маусымға дейін мегаполистен тағы 1000-ға жуық азамат әскерге шақырылмақ.
Салтанатты шығарып салу рәсіміне қалалық әскери басқару органдарының басшылығы, ардагерлер кеңесінің төрағалары және құрметті қонақтар қатысты.
Жиналғандарға сөз сөйлеген қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, сарбаздарды әскери қызметтің басталуымен құттықтап, оларға зор денсаулық пен табысты қызмет тіледі:
– Әскери қызмет – әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі еліміздің тыныштығының кепілі. Сапқа тұрып, қару алып, Отан алдындағы борышты орындау – әрбір ер-азамат үшін үлкен абырой. Сіздердің ел тыныштығын қорғауда адал қызмет ететін батыл жауынгер болатыныңызға сенім білдіреміз, – деді ол.
Әскери бөлім өкілдерінің айтуынша, сарбаздар әртүрлі әскери мамандықтарды меңгереді: БТР көздеушісі, оқшашар, гранататқыш, мерген, атқыш және басқа да бағыттар.
Болашақ жауынгерлерді қолдауға әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, «Жас Сарбаз» жастар қозғалысының өкілдері және Шымкент қаласындағы ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің тәрбиеленушілері келді. Мерекелік көңіл-күйді гарнизонның әскери оркестрі айшықтай түсті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны басталды

Next Post

Армия – шыдамдылық пен тәртіп мектебі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі