13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте сарбаздар мерзімді әскери қызметін аяқтады

13 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте сарбаздар мерзімді әскери қызметін аяқтады
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімінде 2025 жылғы шақырылым аясында мерзімді әскери қызметін аяқтаған 200 сарбазды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара бөлімнің саптық алаңында өтіп, оған бөлім басшылығы, Қарулы күштер ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсім барысында әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы бұйрық оқылып, үздік шыққан сарбаздар марапатталды.
Қызмет барысында әскери қызметшілер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, әскери мамандықтарды толық меңгеріп, жауынгерлік және дене даярлығы бойынша лайықты нәтижелерге қол жеткізгені атап өтілді.
Жалпы, бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік, дене және арнайы даярлық бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болды.
Атап айтқанда, шабуылдаушы батальонда 12 әскери қызметші үздік деп танылып, 6-ы спорт шебері нормативін орындады, 16-сы спорт шеберіне үміткер атанды, ал 28 сарбаз 10 тәулік демалыспен марапатталды.
Мотоатқыштар батальонында 26 әскери қызметші үздік нәтиже көрсетіп, 12-сі спорт шебері деңгейін растады, 8-і спорт шеберіне үміткер атанды, тағы 8 сарбаз қысқа мерзімді демалыспен көтермеленді.
Артиллериялық дивизионда 12 әскери қызметші үздік деп танылып, 6-ы спорт шебері нормативін орындады, 8-і спорт шеберіне үміткер атанды, 4 сарбаз демалыспен марапатталды.
Сонымен қатар, әскери қызметшілер батальондық тактикалық оқу-жаттығуларға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, қолбасшылықтың оң бағасына ие болды.
2026 жылдың қаңтар айында Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы жүргізген қорытынды тексеріс барысында бөлімшелер жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін растап, қойылған міндеттерді толық орындады.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың сәуір айында шабуылдаушы және мотоатқыштар батальондарының әскери қызметшілері тактикалық оқу-жаттығуларға қатысып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тарапынан «өте жақсы» деген баға алды.
Жеке құрам алдында сөз сөйлеген бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Айдос Исаев әскери қызмет сарбаздардың мінез-құлқын қалыптастыруда, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуда маңызды кезең болғанын атап өтті.
– Әскери қызметшілер әскери борыштарын абыроймен атқарып, төзімділік, батылдық және антқа адалдық танытты. Алған білімдері мен дағдылары алдағы өмірлеріне берік негіз болады, – деді ол.
Іс-шара барысында Қарулы күштер ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері де сөз сөйлеп, жас сарбаздарды тәрбиелегені үшін бөлім басшылығына алғыс білдірді.
Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен және жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.
Айта кету керек, әскери қызмет көптеген жастар үшін тек конституциялық борышты өтеу ғана емес, сонымен қатар азаматтық ұстанымды қалыптастыратын, көшбасшылық қасиеттерді дамытатын және болашақ кәсіби өмірге жол ашатын маңызды өмір мектебі болды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Next Post

Түркістанға теңіз жаяу әскерлері келді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі