13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жамбылдағы сарбаз өліміне кім кінәлі: командирдің үстінен қозғалған іс сотқа жолданды

3 апреля, 2026
in Uncategorized
0
Жамбылдағы сарбаз өліміне кім кінәлі: командирдің үстінен қозғалған іс сотқа жолданды
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында Гвардия гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қатардағы жауынгер Еркебұлан Рүстемұлының қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, рота командиріне қызметіне салғырт қарады деген айып тағылып отыр. Атап айтқанда, лауазымды тұлға жеке құрамның қызмет өткеруін және әскери қызметшілердің қару-жарақпен жұмыс істеуін тиісті деңгейде бақыламаған. Бұл жайт 27 қаңтарда сарбаздың ажал құшуының басты себептерінің бірі ретінде көрсетілген.

Тергеу барысында офицердің қаза тапқан сарбаздың қызметтестеріне қатысты билігін асыра пайдаланғаны анықталды. Барлық қажетті дәлелдеме жинақталып, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Бас әскери прокуратура сарбаздың өліміне қатысты өзге де жағдайлар бойынша тергеу амалдары жалғасып жатқанын және іс ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.

Previous Post

Алматыда тұрғындарға шабуыл жасаған агрессивті жасөспірімдер ұсталды

Next Post

Алматыда екі күн ішінде 2 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі