13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«50 ЖЫЛ САХНАДА»: ШЫМКЕНТТЕ РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

3 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
«50 ЖЫЛ САХНАДА»: ШЫМКЕНТТЕ РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласында Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаеваның «50 жыл сахнада» атты мерейтойлық концерті өтті. «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылған бұл кеште шымшаһар тұрғындарының қарасы қалың болды.
Көрермен қауымға әншінің репертуарындағы таңдаулы туындылар ұсынылып, жанды дауыста шырқалды. Роза Қуанышқызының жарты ғасырлық шығармашылық жолын қамтитын кеш жиналған жұртшылықты ерекше күйге бөледі. Әр әнді халық сүйіп тыңдап, бірге орындады. Миллиондардың жүрегін жаулаған, өнерімен көпшіліктің ықыласына бөленген әнші сахнада ән айтып, көрерменмен еркін тілдесуге де уақыт бөлді.
Роза Қуанышқызы кеш барысында: «Бұл өңір – өнердің қайнар көзі. Мұнда талантты композиторлар мен орындаушылар қалыптасқан. Халқының өнерге, әнге деген құрметі ерекше. Әр келген сайын ыстық ықыласқа бөленемін. Бұдан 15 жыл бұрын да концерт берген едім, енді мерейтой аясында қайта қауышып отырмыз», – деді.
Кеш аясында «Әлия», «Атамекен», «Куә бол», «Любовь настала», «Көктем шақырады», «Ғашықпын» сынды алтын қордағы әндермен қатар лирикалық шығармалар мен жаңа әндер орындалды. Сондай-ақ, сахнада әншінің ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев бірқатар әнді бірге шырқады.
Previous Post

Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

Next Post

Алматыда тұрғындарға шабуыл жасаған агрессивті жасөспірімдер ұсталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі