13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қызметтік әдеп нормасын сақтау – кәсібиліктің айнасы

23 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Қызметтік әдеп нормасын сақтау – кәсібиліктің айнасы
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі қоғамда кез келген маманның кәсібилігі тек білімі мен тәжірибесі арқылы ғана емес, сонымен қатар оның қызметтік әдеп нормаларын қаншалықты сақтайтыны арқылы да бағаланады. Әдептілік – адамгершіліктің, жауапкершіліктің және мәдениеттің көрінісі. Ал қызметтік әдеп – жұмыс орнындағы мінез-құлық пен қарым-қатынастың басты қағидасы. Қызметтік әдеп – қызмет барысында әріптестермен, басшылармен, азаматтармен және серіктестермен қарым-қатынас жасау кезінде сақталуы тиіс моральдық және кәсіби қағидалар жиынтығы. Ол мекеме ішіндегі тәртіпті, сенімділікті және өзара сыйластықты қалыптастырады.

Мемлекеттік қызмет саласында қызметтік әдептің рөлі ерекше. Мемлекеттік қызметші халыққа қызмет ететін тұлға болғандықтан, оның әрбір әрекеті қоғам назарында болады.

Қызметтік әдептің негізгі қағидалары

  1. Заңдылықты сақтау – өз қызметін заң аясында адал атқару
  2. Ашықтық пен әділдік – шешім қабылдауда бейтарап болу.
  3. Сыпайылық пен құрмет – әріптестер мен азаматтарға ізет көрсету.
  4. Жауапкершілік – тапсырылған істі сапалы орындау.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – жеке мүддені емес, қоғам мүддесін жоғары қою. Бұл қағидалар сақталған жағдайда ұйым ішінде сенім артып, жұмыс өнімділігі жоғарылайды.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау – әр маманның азаматтық және кәсіби борышы. Әдеп пен кәсібилік – бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Әдепті қызметкер – сенімді маман, ал сенімді маман – табысты қоғамның негізі. Сондықтан әрбір қызметкер өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарап, кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде ұстануы тиіс.

Ерлан Утегенов

Түркістан облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы

Previous Post

Исполнение поручений Главы государства: 39,5 млрд тенге частных инвестиций направят на расширение фармпроизводства в Шымкенте

Next Post

«ЦОН» мобильді қосымшасы: Қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін алады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі