13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

20 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2026 жылғы 19 ақпан күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы өтті.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бірінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданының әкімдері, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде 18 маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданы әкімдері қалаға және ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, жер қатынастары басқармасы және мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.
Депутаттар мемлекеттік орган басшыларының есептері бойынша шешім жобаларына жұмысты одан әрі жандандыру туралы өз ұсыныстарын енгізді.
Сессия барысында 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, депутаттар өңірді басқару схемасына толықтыру енгізу туралы мәселені қарады. Қабылданған шешімге сәйкес, Түркістан облысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылатын болады.
Бұдан бөлек, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісім берілді және облыс әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.

Previous Post

ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ КЕПІЛДІК

Next Post

 Молодежь и IT-сообщество Алматы поддержали конституционную реформу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі