13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ХҚКО құжаттарын тәулік бойы алу: постаматтар қалай жұмыс істейді

18 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ХҚКО құжаттарын тәулік бойы алу: постаматтар қалай жұмыс істейді
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл мүмкіндікті тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін құжат беруге арналған автоматтандырылған постаматтар қамтамасыз етеді.
Постамат қызмет алушыға дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алып кетуге мүмкіндік береді. Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, онда ұяшықты ашуға арналған жеке код көрсетіледі. Сонымен қатар азамат биометриялық сәйкестендіруден өтеді.
Қазіргі таңда қалада 1 постамат жұмыс істейді. Ол Жангелдин көшесі, 13А мекенжайында орналасқан. Постамат арқылы мемлекеттік қызметтердің 19 түрі бойынша дайын құжаттарды алуға болады. Олардың қатарында туу туралы, некеге тұру, некені бұзу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар, сондай-ақ аттестаттар мен дипломдардың телнұсқалары бар.
Айта кетейік, постамат арқылы құжат алу тәртібі қарапайым. ХҚКО-да өтініш беру кезінде азамат дайын құжатты алу тәсілін таңдап, оны автоматтандырылған пункт арқылы алуға келісім беруі қажет. Құжат дайын болғаны туралы SMS келгеннен кейін, оны үш күн ішінде алып кетуге болады. Егер осы уақыт ішінде алынбаса, құжат ХҚКО маманы арқылы әдеттегі тәртіппен беріледі.
2026 жылы постамат арқылы құжат беру қызметінің құны 518 теңгені құрайды.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, постамат қызметі азаматтарға дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта алып кетуге мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін кеңейтеді. Бұл қызмет әсіресе жұмыс уақытында ХҚКО-ға келе алмайтын тұрғындар үшін тиімді.

Previous Post

Шымкент гарнизонында жол қауіпсіздігі бойынша алдын алу сабағы өтті

Next Post

Шымкент: «Атом энергетикасы – бейбіт өмірде» көрме-байқауы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі