13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар — елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу.
​Осы ретте, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында,
Президенттің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау Қағидалары бекітіліп, 2024 жылы еліміздің барлық өңірінде өңірлік кадр резерві қалыптастырылды.
​Бұл бастама — мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және
жас, білікті кадрларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды қадам.
​Өз кезегінде, облысымызда Кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 30 адам іріктеліп алынды. Бұдан басқа, Президенттік жастар кадр резервінен іріктеусіз 2 адам қабылданып, жалпы резервшілер саны 32-ні құрады.
​Бұл тұста, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өңірлік кадр резервіне қабылданған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурссыз тағайындала алады.
​Бүгінде облыстағы 32 резервшінің 20-сы тиісті лауазымдарға тағайындалды.
​Айта кету қажет, жастар қоғамның негізгі қозғаушы күштерінің бірі бола отырып, жаңашыл ойлауымен, белсенділігімен және жауапкершілігімен ерекшеленеді.
​Сондықтан, олардың энергиясы мен тың көзқарасы мемлекеттік қызметте басқару үдерістерін жетілдіруге, шешім қабылдаудың тиімділігін арттыруға және халықпен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
​Осы орайда, жастарды мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістерді тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Наурызбай Абылайхан Дағыстанұлы

Previous Post

КЕНТАУДА 200-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

Next Post

Шымкентте Ауған жерінен әскерлердің шығарылуына арналған митинг өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі