13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

16 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауданда былтыр 14,6 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 35,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы арқылы 80 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Биыл осы бағытта 100 пәтерді пайдалануға беру көзделуде. Аудандағы елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Аймақта электр желісімен қамту көрсеткіші — 98,4 пайыз. Қазіргі уақытта аудандағы 61 елді мекеннің 55-і көгілдір отынмен қамтылып, көрсеткіш 90,1%-ды құрап отыр. 2027 жылға қарай аудан аумағы 100 пайыз орталықтандырылған газ жүйесімен қамтылатын болады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз жиынында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов мәлімдеді.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылы 21 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 12 елді мекенде 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы аудан бойынша 4 медициналық нысанның құрылысы аяқталды. Осы жылы ауданда 4 медициналық мекеменің құрылысы басталмақ. 2025 жылы мемлекеттік бюджет есебінен Шарбұлақ ауылынан 300 орындық, жеке инвесторлар тарапынан Сарапхана ауылынан 500 орындық және Қазығұрт ауылынан 600 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, ауданда былтыр 15 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 35 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін салалық басқармаға ұсыныс енгізілген» — деді аудан басшысы.

2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 162,8 млрд теңгені құраған. Ауданда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнім көлемін арттыру мақсатында Тұрбат ауылында 60 гектар жерге «ТҰРБАТ» агроиндустриалды аймағы құрылған. Нысанды жыл соңына дейін толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған аймақта 416 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2025 жылы негізгі капиталға 47,9 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткішті 56 млрд теңгеге дейін жеткізу көзделуде. 2025 жылы ауданда 83,1 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Аталған салаға 25,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда ауданда 510 гектар аумаққа тамшылатып суару әдісі енгізілсе, биыл 600 гектарға жеткізілмек. 2025 жылы ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 534,6 млн теңгеге 65 жоба қаржыландырылса, осы жылы 1,2 млрд теңгеге 98 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр, 2025 жылы 78,6 шақырым канал механикалық тазалаудан өткен. Биыл 85,5 шақырым каналда тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
«Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, «Қарқын 2030» ЖШС-ң «Заманауи америкалық әдіспен 5 000 басқа мал бордақылау алаңының» құрылысы, «Agro-irrigation» серіктестігі тарыпынан «Гофрленген ауыз су мен кәріз құбырларын жасап шығару» зауыты, «Ай-Зере» серіктестігі тарапынан «Заманауи қыш өндірісі» зауытының құрылысы басталады», — деді аудан әкімі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Шымкент – оңтүстіктің индустриялық драйвері және кәсіпкерлікті дамыту орталығы

Next Post

КЕНТАУДА 200-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі