13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН–ПӘКІСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА ЖАҢА КЕЗЕҢ

6 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
ҚАЗАҚСТАН–ПӘКІСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА ЖАҢА КЕЗЕҢ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында Исламабадта бірнеше мәдени-білім беру орталықтары мен «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шаралар екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтып, мәдени, білім және спорт салалары бойынша жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған.

Әл-Фараби мәдени-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Каид-и-Азам» университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ашылып, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, заманауи компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілді. Орталықта қазақ тілі курстары ұйымдастырылмақ.

Қаныш Сәтпаев орталығы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Пәкістан ұлттық ғылым және технология университеті арасындағы ғылым, білім және технология саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған.

Қожа Ахмет Ясауи орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Исламабад Халықаралық ислам университетінің келісімі бойынша ашылды.

«Достық» спорт кешенінде тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат, Qazaq batyry аралас жекпе-жек, грэпплинг және бокс бағыттарында екіжақты ынтымақтастықты дамыту көзделуде. Сондай-ақ пәкістандық жаттықтырушылар мен спортшыларды оқыту үшін бірлескен оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылатын болады.

Бұл жобалар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық және спорттық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достық байланыстарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Previous Post

ҚАЗАҚСТАН МЕН ПӘКІСТАН АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК: ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ

Next Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі