13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Наурызда полиция мен білім саласының мамандарына КВИ-ға қарсы екпе салынады

4 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Наурызда полиция мен білім саласының мамандарына КВИ-ға қарсы екпе салынады
Share on FacebookShare on Twitter

1 ақпанда Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен вакцинациялау науқаны басталғаны белгілі. КВИ-ға қарсы екпе салу жұмыстары бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары тартылады. Бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмек, реанимация, БМСК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады. Осыған орай, бүгін алғаш рет Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаментінің 22 қызметкері қалалық емханада коронавирусқа қарсы  «Спутник V»   вакцинасын қабылдауды бастап кетті.  Covid-19-ға қарсы екпенің 1-компонентін   салдыруға  департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары  және т.б мамандар ниет білдірді. Дәрігерлер  олардың денсаулықтарын  тексеріп,  екпе салдырғаннан кейінгі ережелерді түсіндірді. Екпе алғандар  30 минуттан аса  дәрігерлердің  бақылауында болды. Қазіргі таңда вакцинацияланған азаматтардың   жағдайлары  бірқалыпты, ешқандай шағымдары  жоқ.  Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаментінің  қызметкерлері  екінші компонентті  25-наурыз күні қабылдайды. Айтып өтейік, вакцинаны аудандардағы  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдері де салдыруда. «Спутник V» вакцинасы 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды, себебі вакцинаны осы жас тобында қолдану әлі зерттелген жоқ. Вакцина тек кәмелетке толған, егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға салынады. Алдымен дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау және  дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі. Егер дене температурасы  37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады. Қазіргі кезде Түркістан облысында 1300 дәрігер екпе қабылдады. Наурыз айында полиция қызметкерлері мен білім саласының мамандарына  салу жоспарланып отыр. Жақында ғана облысқа  Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасының 8600 данасы жеткізілген.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

Previous Post

Көпбалалы аналар құрметке бөленді

Next Post

Бизнес ашу үшін ауыл тұрғындарына несие беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі