13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақмола гарнизонында 2025 жылдың қорытындысы шығарылды

3 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Ақмола гарнизонында 2025 жылдың қорытындысы шығарылды
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылдың басынан бастап Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға белсенді қатысып келеді.
«Құқықтық дәріхана» ұраны аясында әскери бөлімдерде және қалалық жинақтау пунктінде, сауда алаңдарында, сондай-ақ халықаралық әуежайда азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.
«Халық заңгері» акциясы шеңберінде елорда тұрғындарына туындаған мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетілді.
Тұрғын үй заңнамасындағы жаңашылдықтардың қабылдануына байланысты әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру арқылы гарнизондық кеңес өткізілді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлерін және «Қарызсыз қоғам» жобасын тарта отырып, Ұлттық ұлан мен Шекара қызметінің орталық аппараттарында әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған сабақ ұйымдастырылды.
«Атамекен» палатасының өкілдерімен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен өткен кездесуде бизнесті қорғау және лауазымды тұлғалардың олардың қызметіне араласпау мәселелері талқыланды.
3 мыңнан астам әскери қызметшінің қатысуымен көшпелі қылмыстық және әкімшілік сот процестері өткізілді.
Бақылаудағы әскери бөлімдер мен мекемелерге тұрақты түрде профилактикалық шығулар жүзеге асырылуда, бұл криминогендік жағдайдың жақсаруына, сондай-ақ гарнизон әскери қызметшілері арасында қаза табу және жарақат алу фактілерінің алдын алуға оң әсерін тигізді.
Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында гарнизон прокуратурасымен шамамен 3 мың азаматтың, оның ішінде 800-ден астам конституциялық құқықтары қорғалды. Мемлекеттік бюджетке 70 млн теңгеден астам қаражат өндіріліп, қорғаныс ведомствосының 27 млн теңге сомасындағы мүлкі қайтарылды.
Атқарушылық іс жүргізуді қадағалау шеңберінде мемлекет кірісіне 500 млн теңгенің түсуі қамтамасыз етілді.
Әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерін, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын жауапкершілікке тарту практикасы күшейтілді.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелері ерекше бақылауда.
Гарнизон прокуратурасының наразылықтары бойынша Астана қаласы мен Ақмола облысының Ақкөл ауданы әкімдерінің шешімдері, сондай-ақ елордалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығы заң талаптарына сәйкестендірілді.
Жергілікті атқарушы және әскери басқару органдарының 10 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, олардың 4-іне әкімшілік айыппұл салынды.
Сот тәртібімен 3 адамның негізсіз әскерге шақырылуы бойынша талап-арыздар қанағаттандырылып, заңсыз бұйрықтар мен шешімдер жойылды.
Халықпен құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Барлығы 150-ден астам азамат жеке қабылдауда болды.
Жекелеген өтініш берушілер гарнизон прокуратурасының оң жұмысын атап өтіп, құқықтарын қорғағаны үшін қызметкерлерге жария түрде алғыс білдірді.
Әскери прокуратура органдарының имиджін арттыру және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында Ашық есік күні өткізілді, әскери кафедра студенттері мен мектеп оқушылары үшін әскери-тарихи музейге бару ұйымдастырылды, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде «Болашақ прокурор бұрышы» ашылды.
Астана жоғарғы оқу орындарының болашақ заңгерлерімен жұмысты таныстыру мақсатында үнемі әңгімелесулер өткізіліп тұрады.

Б.Нұрмаханбетов

Ақмола гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры
әділет подполковнигі

Previous Post

Қазақстанда әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы онлайн форматқа ауыстырылды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 ТУРИСТІК ОРЫН АНЫҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі