13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖОБА: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

31 января, 2026
in Uncategorized
0
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖОБА: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр.

Орталық аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілерді бұрмалау болып табылатынын мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 6-бабы 3-тармағына сәйкес «жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар» жөніндегі тұжырым жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы тұжырыммен бірдей болып табылады және қандай да бір өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Қосымша атап өтеміз, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия аталған нормалар өзгеріссіз қалуға тиіс екенін растады. Бұдан бөлек, егер бұрын мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығы мәселелеріне қатысты ережелер қорытынды және өтпелі қағидаларда қамтылған болса, жаңа Конституция жобасында олар конституциялық құрылыстың негіздері ретінде бастапқы тарауларда бекітілген. Бұл мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен базалық қағидаттарының өзгермейтіндігіне берілетін құқықтық кепілдіктерді едәуір күшейтеді.

2026 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының 2-бабы:

2-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.

6-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.

Осылайша, шетелдіктерге жер сатуға тыйым салудың күшін жою туралы мәлімдемелердің құқықтық негізі жоқ және азаматтарды жаңылыстырады.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы фактілерді әдейі бұрмалау және манипуляциялық ақпаратты тарату құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады және азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін мәліметтерді ресми дереккөздерден тексеруге, сондай-ақ деструктивті және манипуляциялық түсіндірмелердің таралуына жол бермеуге шақырады.

Previous Post

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Next Post

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: КЕШЕНДІ РЕФОРМАНЫҢ БАСТАУЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі