13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 1 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ

2 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 1 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 425 дерек анықтады. Оның ішінде6 131-і қылмыс, 294-і теріс қылықты құқық бұзушылықтар. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Зиятаев мәлімдеді.

“Облыс аумағында есірткіні заңсыз егу бойынша 65 дерек анықталса, 43 есірткі сату дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, аса ірі көлемде есірткіні сақтау бойынша 19 дерек анықталса, облыс аумағында 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 382 ақпараттық сайт бұғатталды. Прокуратура органдарымен бірлесіп электронды банктік есепшоттарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде есірткі сатумен айналысуы мүмкін 1 761 банк карталары анықталды. “Антифрод” бағдарламасы арқылы олардың айналымына шектеу қойылды. Ал, кинологиялық қызмет орталығы арқылы 50 қылмыс ашылды» — деді спикер.

Биыл 1 маусым мен 31 қазан аралығында “Қарасора-2025” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша құзырлы органдармен бірлесіп 18 мобильді топ құрылған. Арнайы топға 241 қызметкер жұмылдырылып, 55 қызметтік автокөлік пен 2 дана ұшу аппаратымен қамтамасыз етілген. Іс-шараның 4-кезеңінде есірткінің заңсыз айналымынан жалпы 202 есірткі құқық бұзушылықтары анықталып, 2 ұйымдасқан топ құрықталды. Тікұшақпен барлау жұмыстарының нәтижесінде Шардара ауданының аумағынан 3 есірткі алқабы табылды. Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Созақ ауданының таулы аймағында есірткі егудің ірі плантациясы анықталып, Қызылорда облысының екі азаматы және Шымкент қаласының бір тұрғыны қылмыс орнында құрықталған. Оқиға орнынан 829 түп қарасора, 2 352 түп көкнар есірткі өсімдіктері мен тіркелмеген қару тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің жалпы салмағы 700 килограмды құрап, аталған дерек бойынша есірткі затын аса ірі көлемде сақтаған 5 тұлға қамауға алынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ҚР АТА ЗАҢЫ ЖОБАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ - ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Next Post

Армия аналардың көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі