13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home 13KZTV

Шымкентте педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

30 января, 2026
in 13KZTV
0
Шымкентте педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жалпы 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Аталған іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарын таныстыру, жұмыс іздеуші мамандарға кеңес беру және кадр тапшылығын азайту.

Жәрмеңке барысында педагог мәртебесі бар мамандарға конкурстық рәсімдерге қатысу тәртібі, құжаттарды рәсімдеу және оларды электронды платформаға жүктеу бойынша кеңестер айтылды. Сонымен қатар, штаттық және кіші қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындары таныстырылды.

Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Дәрібаеваның айтуынша, жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелерден 164 мектеп, 12 колледждің өкілдері қатысып отыр. Бос орындар туралы мәліметтер білім басқармасының сайтында және әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Сонымен қатар, іс-шарада жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары слайд түрінде де көрсетілді.
Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, жалпы қала бойынша 2063 бос жұмыс орны жарияланған. Жалпы орта білім беру ұйымдарында 1166 бос орын, педагог мамандардан тыс 600-ге жуық кіші қызметкерлердің де бос орны ұсынылды. Педагог кадрлар конкурс негізінде қабылданады. Ал, кіші қызметкерлердің конкурссыз жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда Шыкентте педагогтерді жұмысқа қабылдауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, жемқорлық тәуекелдерін азайту және кадрларды кәсіби деңгейіне сай іріктеу мақсатында орталықтандырылған конкурстық жүйе енгізіліп отыр. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бүгінгі жәрмеңкеде арнайы комиссия мүшелерімен кездесіп, ашықтықты, әділдікті, тазалықты қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

 

Previous Post

ВОЛОНТЕРЛІК – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН ӘДІЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Next Post

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі