13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті

4 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық кітапханада еліміздегі балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өңірлерден келген шығармашыл балалармен кездесті.

Сонымен қатар іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, ақын, балалар жазушысы, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Əлімжанов, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кəпұлы зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған Ақтоты Райымқұлова Мəдениет жəне спорт министрлігі 2021-ді «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы», -деп жариялағанын, осы жылы атқарылатын іс-шаралар жайлы айтып өтті.

«Биыл ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған Тəуелсіздікке 30 жыл толып отыр. Елбасы Н.Назарбаев: «кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек»,- деген үндеу жолдаған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық жəне спорттағы əлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»,-деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, ендігі жерде кітап арқылы балалар мен жасөспірімдеріміздің тәрбиесіне үңіліп, олардың кітап оқу мәдениетін көтеруіміз қажет. Алдағы уақытта Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,-деген сөзі балаларымыздың бой түзер бағдары болуға тиіс. Яғни, біздің ұрпағымыз өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет.

Соның ішінде туған жерге, қоршаған ортаға, өз тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарап, ортасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тиіс.

Осы орайда 2021 жылды «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялау дәл осы бағыттағы өте қажет, дұрыс бастама деп санаймын. Өз кезегінде Министрлік балаларымыздың шығармашылық қабілеті мен жаңа бастамаларына әрқашан да қолдау көрсетуге дайын»,-деп айтты министр.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шаһар тұрғындарын сенбілікке шақырамыз!

Next Post

Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі