13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкенттік оқушылар халықаралық білім сайысында жүлдегер атанды

28 января, 2026
in Білім
0
Шымкенттік оқушылар халықаралық білім сайысында жүлдегер атанды
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Cambridge Line» мектебінің оқушылары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық білім сайысында ел намысын абыроймен қорғап, зор жетістікке қол жеткізді.

21–26 қаңтар аралығында ұйымдастырылған беделді жарыста біздің оқушылар 2 дисциплина бойынша Физика және Астрономия жаратылыстану ғылымдары бағытында бақ сынап, жүлделі III орынды иеленді.

Бұл — білімге деген құштарлықтың, үздіксіз еңбектің және жүйелі дайындықтың айқын дәлелі. Халықаралық деңгейде өз білімін дәлелдеу әр оқушы үшін үлкен тәжірибе әрі болашаққа сенімді қадам.

Жеңімпаз оқушылар:

  • Қасымбек Ғаламат — 10-сынып
  • Бақытжан Әлмен — 10-сынып
  • Дәуренбек Рания — 7-сынып

Оқушылардың бұл жетістігінде жетекшінің еңбегі ерекше.

Пириев Эльшан — кәсіби бағыт-бағдар беріп, шәкірттерінің әлеуетін ашуға зор үлес қосқан жетекші.

Бұл жеңіс — тек бір команданың емес, бүкіл Cambridge Line қауымдастығының жеңісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда көк туымызды желбірете берулеріңізге тілектеспіз!

Құттықтаймыз!

Білімді ұрпақ — жарқын болашақ!

Previous Post

Норма об унитарности государства, целостности, неприкосновенности и неотчуждаемости территории Казахстана остается неизменной – Конституционная комиссия

Next Post

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ- ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі