Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясың кезекті отырысы өтті. Жиынға филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, комиссия мүшелері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында үшінші мегаполистың автомобиль жолдары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жиында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов аталмыш басқарманың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Ержан Жақсылықұлының айтуынша 2020 жылы Автомобиль жолдары саласын дамытуға 24,4 млрд.теңге қаралып, 261 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Оның 219 нысаны 2020 жылы пайдалануға берілді. Ал, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға 32,3 млрд.теңге қаралып, 128 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Оның 116-сын 2021 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарлануда екен.
Сондай-ақ, жиын барысында Шымкент қаласында жол жүру тарифін көтеру. Себебі шым шаһарда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы басқа аймақтармен салыстырғанда ең төмен – 70 теңгені құрайды. «Атамекен» палатасы және қауымдастықтар жолақы тарифін – 90 теңгеге, сараланған тарифті – 150 теңгеге көтеруді туралы ұсыныс енгізуде.
– Қазіргі таңда электронды жүйе арқылы бір күндік транзакция саны 160 мыңды құрауда, ендң оны 300 мыңға жеткізу жопаспарлануда. Тариф құны, транзакция саны көтерілген соң, тасымалдушылардың табыстары бір күнде 6 миллионға көтерілетін болады, яғни субсидия көлемі азаяды. Сондай-ақ, тариф көтерілген соң бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық көліктерге жүруге жеңілдіктер беріледі, – деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы тарапынан арнайы мониторинг жұмыстары жүргізіліп, бірқатар проблемалық мәселелер айқындалған. Отырыс барысында басқарма басшысына кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар беріліп, нақты орындалуына үш ай мерзім белгіленді.