13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

26 января, 2026
in Жаңалықтар
0
Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Конституциялық комиссияның екінші отырысында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Негізгі заңға бірқатар негізгі өзгерістерді ұсынды. Аталған өзгерістер азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленді.

Атап айтқанда, Үкіметтің, Конституциялық соттың, прокуратура және сот билігі органдарының жекелеген функцияларын, құқық қорғау тетіктерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды, жекелеген аумақтарда арнайы құқықтық режим белгілеу қағидаттарын, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін регламенттейтін Конституцияның бөлімдері мен баптарына өзгерістер енгізу ұсынылады.

Түзетулердің жеке блогы болашақ бір палаталы Парламенттің – Құрылтайдың қызметіне қатысты болады. Мысалы, төрағаны тағайындау, оның депутаттық корпусын қалыптастыру тәртібі және өзге де рәсімдік жағдайлар айқындалады.

Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің маңыздылығын ескере отырып, тиісті регламенттеуші нормаларды жеке бөлімге бөлу ұсынылады.

Үкімет функцияларын регламенттеуді өзгерту шеңберінде мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді, сондай-ақ мемлекеттік комитеттерге қатысты өкілеттіктерді алып тастау ұсынылады. Атап айтқанда, олардың қызметін басқару, актілерінің күшін жою және тоқтата тұру.

«Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес мемлекеттік бағдарламалар аталған жүйенің құжаттары болып табылмайды. Мұндай бағдарламалар қажеттілігіне қарай әзірленіп, бекітілетін болады», — деп атап өтті әділет министрі.

Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда 2021 жылдан бастап мамандандырылған әкімшілік соттардың енгізілуі құқық үстемдігі қағидатын нығайтудағы және мемлекет пен азамат арасындағы нақты теңгерімді қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғанын еске салды.

«Осыған байланысты Конституцияның тиісті бабында сот билігі әкімшілік сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылатынын тікелей көрсету ұсынылады. Бұл әкімшілік соттарға конституциялық-құқықтық мәртебе береді, жария-құқықтық дауларда азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттырады және қоғамның сот билігіне сенімін нығайтады», — деп атап өтті министр.

Жалпы, Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді, ол тек қана жеке тұлғалардың емес, жария билік институттарының сапасына байланысты болады.

«Қоғам үшін бұл мемлекеттің сыртқы немесе ішкі жағдайларға қарамастан дәйекті әрі құқықтық тұрғыда әрекет ететініне болжамдылық пен сенімділікті білдіреді. Әлеуметтік міндеттемелер орындалуда, экономикалық процестер жалғасуда, халықаралық міндеттемелер сақталуда», — деп қорытындылады әділет министрі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСКЕН

Next Post

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі