13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласының әкімі тұрғындармен кезекті қабылдау өткізді

23 января, 2026
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласының әкімі тұрғындармен кезекті қабылдау өткізді
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған 12 азамат қатысып, өздерін толғандырған әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, жер қатынастары, тұрғын үймен қамту, әлеуметтік қолдау, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым, жол және абаттандыру, еңбек даулары мен өзге де тұрмыстық мәселелерге қатысты арыз-шағымдарын білдіріп, өтініштерін жеткізді.
Әзімбек Пазылбекұлы кейбір мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, жедел шешілуі мүмкін сұрақтар қабылдау барысында түсіндірілді. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты қаралып, бақылауда болатынын, әрбір азаматтың мәселесі назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
Айта кетейік, Түркістан қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр айдың үшінші сәрсенбісінде бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығының (Фронт-офис) қызметіне жүгінуге болады.
Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ӨЗІНДІК КІРІСТЕР МЕН ТҮСІМДЕР КӨЛЕМІ АРТТЫ

Next Post

Шымкентте лудомания мен нашақорлықтың зияндылығына арналған кинофильм көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі