13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА ОРМАН МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

21 января, 2026
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА ОРМАН МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Тулепов Шардара ауданындағы
«Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесіне жұмыс сапарымен барды.

Іссапар барысында тұқымбақтағы көшеттердің сапасына бақылап, биылғы жылғы көктемгі ағаш отырғызу науқанына дайындалған көшеттердің жай-күйі зерделенді. Сонымен қатар мекеменің материалдық-техникалық базасының жұмысқа жарамдылық күйі тексеріліп, тиісті түгендеу жұмыстары атқарылды.

Бұдан бөлек, мекеменің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен өндірістік жоспарлары қаралып, алдағы кезеңге белгіленген міндеттердің орындалу барысы талқыланды. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Next Post

ЦИФРЛЫ ӘДІЛЕТ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАҢАРТЫЛЫП, ЦИФРЛАНДЫРЫЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі