13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ

20 января, 2026
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Жиында Президент ұлттық рухани-мәдени мұраны сақтау, зерделеу және халықаралық деңгейде таныту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ұлттық құрылтайда бұған дейін көтерілген бастамалар аясында нақты нәтижелерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, 14 жылда алғаш рет аса құнды «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар биыл Корея Республикасының Пусан қаласында өтетін Бүкіләлемдік мұралар комитетінің отырысында «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ЮНЕСКО тізіміне қосу мәселесі қаралатынын айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларды ЮНЕСКО тізіміне енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқан 25 елдің қатарына кіретінін айтып, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, төл тарихты терең зерделеу мен мәдениетті өркендету – үздіксіз жүргізілуі тиіс маңызды міндет.

Президент еліміздегі бірегей тарихи нысандарға да тоқталды. Ол Жаркент мешіті мен Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуін татулық пен бірліктің нақты көрінісі ретінде атап өтті. Сондай-ақ Қаратау петроглифтерінің төрт мың жылдық тарихы бар екенін, Қызылорда мен Түркістан облыстарынан табылған 17 мыңнан астам петроглиф ұлттық өркениеттің терең тамырын айқындайтынын айтты. Осы құнды мұраларды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін тиісті министрлікке нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ілімінің ұлттық бірегейліктің өзегі болуы тиіс екенін атап өтіп, ұлы ойшылдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Абай ілімдерін жүйелі түрде насихаттайтын ғылыми жиындарды тұрақты өткізу маңызды екенін жеткізді. Президент бұл мұралар қазақ халқының рухани-философиялық тірегі екенін атап өтті.

Жиында ғылым саласын дамыту мәселесіне де назар аударылды. Мемлекет басшысы философия, әлеуметтану, саясаттану бағыттарын ілгерілету және қоғамдық-саяси ой-пікірлердің көптомдығын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелері онлайн платформалар арқылы баршаға қолжетімді болуы қажет екенін атап өтті. Президент Астана мен Алматыда салынатын президенттік кітапханалар ұлттық тарих пен мәдениетті дәріптейтін ірі орталыққа айналуы тиіс екенін жеткізді.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дамыған заманда ұлттық бірегейлікті сақтау аса өзекті екенін айтты. Ол «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясын қолдайтынын жеткізіп, бұл бастама тарихи мұраны сақтап, ғылыми тұрғыдан терең зерделеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар Президент соңғы жылдары тарихи мұраны насихаттау бағытында қол жеткізілген жетістіктерге тоқталып, Жошы хан туралы көпсериялы деректі фильмнің түсірілімі аяқталуға жақын екенін айтты. Бұл жоба Алтын Орда тарихын халықаралық деңгейде дәріптеуге бағытталған. Осы тақырыпты терең зерттеу мақсатында мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум өтетінін мәлімдеді.

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі