13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды

2 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқанына бағытталған іс-шаралар қызу жүріп жатыр. Бірінші наурыздан бастап 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық комиссиядан, тестілеулерден және әңгімелесуден өтуде. Осы жылдың көктемінде Шымкенттен 700-ге жуық ер-азаматтарды шақыру жоспарланған.

6 наурызда алғашқы 13 ер-азамат конституциялық міндетін орындау үшін аттанады. Қазір олар шақыру комиссиясының отырысынан өтуде. Онда шақыру комиссиясының төрағасы мен медициналық комиссия төрағасының қатысуымен кандидатты қайта тексеру жүргізіледі. Оның қызметінің мотиві мен психологиялық көзқарасы тексеріледі.

Шымкенттің жергілікті әскери басқару органдарында атап өткендей, еліміздің үшінші мегаполисінің жастары әскери қызметке белсенді қызығушылық танытуда, соның есебінен бәсекелестік туындайды және тек үздіктер ғана әскерге аттана алады.

Әскерге шақырылушылар мен лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін жинақ пункттерде медициналық бекеттер орналастырылды. Облыстық медициналық комиссиялардың құрамына инфекционист дәрігерлер енгізілді.

Жас буын әскери бөлімдерге кетер алдында міндетті түрде ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Ал бөлімге келгеннен кейін жастар екі апталық карантинге оқшауланады. Карантин кезінде медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.

Кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылар санатын кеңейту де маңызды жаңалық болып табылады. Енді кейінге қалдыру қосымша: педагогтерге, олардың бүкіл жұмыс кезеңіне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқудан өтіп жатқан адамдарға берілетін болады.

 Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

Next Post

Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі