13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп салалық альянсы құрылды

16 января, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп салалық альянсы құрылды
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жеңіл өнеркәсіп саласында кадр даярлау жүйесін дамытуға арналған кеңейтілген басқосу өтті. Жиынға Кәсіпкерлер палатасының, қаладағы жоғары оқу орындарының мамандары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері мен жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер, ташкенттік мамандар онлайн қатысты.

Кездесу барысында дуальды оқыту жүйесін дамыту, өндірістік практиканың сапасын арттыру және білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының нақты сұранысына бейімдеу мәселелері талқыланды.

«Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде түрлі салалық альянстар құру жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы мақсат – техникалық және кәсіптік білім беру орындарының мамандар даярлау әлеуетін дамыту, білім беру орындары мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың жаңа қадамы, нарыққа бәсекеге қабілетті маман даярлау. Сонымен қатар кәсіпорындармен бірлесе отырып дуальды оқыту жүйесін дамыту да маңызды болып отыр», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанар Алтаева.

Ташкент текстиль және жеңіл өнеркәсіп институтының доценті, техникалық ғылымдардың докторы Малахат Илхамова Өзбекстандағы тәжірибе және шешілуі тиіс проблемаларды бөлісті.

Жиын барысында, сондай-ақ, кәсіпорындардың өтінімдері негізінде кадр даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыру тетіктері қарастырылды. Студенттік стартаптар мен бизнес-жобаларды қолдау, кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту бағыттары талқыланды.

«Бұл – жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселенің бірі. Себебі, мамандар оқу орнын тәмамдап шыққан соң барлығы бірдей жұмыс таба бермейді. Оның бір себебі – жас мамандарда жеткілікті тәжірибенің болмауы. Сол үшін болашақ мамандардың бойында өндіріске қажет нақты біліктілік, машық болуы керек. Сондықтан, жуырда қала әкімімен өткен кездесуде өндірістік парктер ашылса деген өтінішімізбі білдірдік, сонда студенттер немесе осы салада жұмыс істегісі келетін кез келген адам келіп, парктерде тәжірибеден өтер еді, құрылғыларда жұмыс істеп, біліктілік арттыруға мүмкіндік алар еді. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін саладағы барлық тарап күш біріктіруіміз қажет. Сондықтан, салалық альянс құру маңызды деп санаймын», – деді Шымкент қалалық креактивті индустрия қауымдастығының төрайымы Жанна Елтанова.

Жиын қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп салалық альянс құрылып, Кәсіпкерлер палатасы, оқу орындары және кәсіпорындар арасында үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Ортақ келісімге сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылады.

Бұл бастама Шымкент қаласының экономикалық дамуына және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары және кәсіпорындар арасындағы тығыз ынтымақтастық еңбек нарығындағы талаптарға сай білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТТАРЫНДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ ІС ТАТУЛАСУ РӘСІМІМЕН АЯҚТАЛҒАН

Next Post

МОМЫНОВ КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІК ӨТКЕЛІ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі