13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

15 января, 2026
in Жаңалықтар
0
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өкілді билікті цифрлық трансформациялау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық цифрлық мемлекет құруға арналған стратегиялық бағдарының ажырамас бөлігі. Бұл туралы Сенат Төрағасының парламенттік реформа және еліміздің саяси институттарының болашағы туралы «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында айтылды.
Мәулен Әшімбаев жаңарған Парламент Мемлекет басшысының стратегиялық ұстанымы мен технологиялық дәуірдің сын-қатерлеріне сәйкес келетінін және Әділетті Қазақстанның жаңа келбетінің басты элементі әрі цифрлық демократияның үлгісі болуға тиіс екенін атап өтті.
«Электронды Парламенттердің жаһандық тәжірибесінде жалпыға ортақ логика қарастырылады. Енді Парламенттер отырыс залы ғана болып қалмайды. Олар деректер, цифрлық технологиялар мен саяси жауаптылық қосылған күрделі экожүйеге айналуда. Өкілдік етудің сапасы депутаттық мандаттың санымен ғана өлшенбейді. Ол қоғамның сұраныстарына жауап беру жылдамдығымен, шешімдердің ашықтығымен, ақпараттың қолжетімділігімен және Парламенттің заң формуласының тілінде ғана емес, азаматтардың тілінде жұмыс істеу қажеттілігімен таразыланады», – дейді Сенат Төрағасы.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, цифрлық платформалар мен талдау құралдарын пайдалану жаңа Парламентке қоғаммен тұрақты пікірлесу тұрғысында тың мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ ауқымды деректерді талдау және қабылданатын шешімдердің салдарын бағамдау арқылы заң шығару сапасын арттырады.
«Мемлекет басшысы дамудың жаңа кезеңіндегі маңызды мақсаттардың бірі ретінде Қазақстанды алдағы үш жылда жаппай цифрлық елге айналдыруды міндет етіп белгілеп берді. Президентіміз атап өткендей, еліміз болашақта әлемде қандай орынға ие болатыны осыған байланысты. Сондықтан жаңа біртұтас Парламент өзінің қоғамдық мәртебесі жағынан цифрлық демократияның өзегі әрі озық үлгісі болуға тиіс», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ СОЗАҚ, БӘЙДІБЕК АУДАНДАРЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Next Post

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі