13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады

2 марта, 2021
in Cаясат
0
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Share on FacebookShare on Twitter

ҚХР-мен шекаралас станциялардағы жағдай күрделі күйінде қалуда. Ковидке қарсы қатаң шектеу шараларға қатысты көрші ел жүк тиелген вагондарды қабылдамайды. Тастап кетілген пойыздар саны өсуде, бұл Қазақстанның магистральдық желісінің өткізу қабілетіне теріс әсер етуде.

Қазіргі кезде тастап кетілген 12 мың жүк тиелген вагоны қозғалыстан қалса, олардың басым бөлігі вагон иелеріне тиесілі.

Теміржол әкімшілігі бұл мәселені шешу үшін бірнеше рет шаралар қабылдады, бірақ қытайлық тарап қол қойылған келісімдер мен халықаралық келісімдерді елемеуде. Нәтижесінде вагондар иелері мен экспорттаушылар ұзақ уақыт тұрып қалу салдарынан экспорттық шарттарын орындай алмайды, шығынға батуда.

Ағымдағы жылдың 26 ақпанындағы жағдай бойынша астық тиелген 250 жуық жабық вагон қайта жөнелтіліп, бастапқы тиеу станцияларына қайтарылды, өзге экспорттаушылардан өтінімдер келіп түсуде, оларды «ҚТЖ-ЖТ» қызметкерлері жедел өңдеуге тырысуда.

Салалық қауымдастықтардың, соның ішінде ҚазТОҚ, Астық одағы және т. б. өтініші бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Достық станциясы бағытына, одан әрі ҚХР-ға жүк тасымалдауға:

– 1 наурыздан 31-не дейін-жүк транзитіне;
– 1-15 наурыз аралығында – контейнерлердегі жүктерден басқа барлық жүктерге;
— 2021 жылғы 1-20 наурыз аралығында жабық вагондар мен астық тасығыштардағы барлық астық жүктеріне тыйым салуға мәжбүр болды.

Тыйым салу кезінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қытайлық тарапқа тастап кетілген пойыздар мен астық тасығыштарды беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ астық тиелген жабық вагондарды беру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Бір апта бойына тыйым салуды енгізу туралы мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) алаңдарында жүк жөнелтушілермен, экспорттаушылармен талқыланды. Аталған шараларға бизнес бастамашы болды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жаңа басшы тағайындалы

Next Post

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі