13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

10 декабря, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қалалық Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Концерттің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау және ұрпақ сабақтастығын нығайту. Бағдарлама шеңберінде жастардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі көрсетіліп, өнер арқылы патриоттық сезімді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара «Ұрпақ сабақтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты поэтикалық-хореграфиялық композициямен ашылды. Сахнада студент-жастар еліміздің өркендеу жолы мен жетістіктерін бейнеледі, ал «Шамсинур» би ансамблі «Мереке» биін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов сөз сөйлеп «Бүгінгі шара – жастарымыздың шығармашылығын көрсету мен ұрпақ сабақтастығын нығайтуға арналған маңызды іс-шара. Біз жастарға сенеміз және олардың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі зор деп санаймыз. Біздің міндетіміз – жас буынға дұрыс бағыт беру, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік жасау. Бұл тек мәдени іс-шара емес, сонымен қатар, тәуелсіздіктің мәнін түсіндіру, жастарды елге қызмет етуге баулу мақсатындағы маңызды бастама» – деді.

Концерт барысында әр түрлі жанр мен бағыттағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ студенттері «Сән» театрының дефиле көрсетілімін өткізді. Сонымен қатар, республикалық байқаулардың лауреаты Изатуллаева Зардиана екі ән орындаса, Үркер тобының репертуарынан «Жаным» әнін республикалық байқаулардың лауреаты Олег Вименко жеткізді.

Іс-шара финалында «Қазақстан – елім менің» әні шырқалып, сахнадағы барлық орындаушылар мен жалаушалар көрермендермен бірге әнге қосылды.

Айта кетейік, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті – Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды дамыту және топтастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі аясында жастар бастамаларын қолдау және әлеуметтік белсенділігін дамыту, мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, жастар арасында қоғамдық келісімді қалыптастыруға жәрдемдесу, жастардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге, оны танымал ету және этносаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету процесіне тарту, патриоттық бағыттағы қоғамдық-саяси іс-шараларды, этносаралық және мәдениетаралық диалогты өткізуге этномәдени және өзге де бірлестіктердің жастарын тарту, жастар арасында волонтерлік пен қайырымдылық қызметті дамытуға қолдау көрсету.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН 4 ТРЛН.ТЕҢГЕДЕН АСЫРЫП, РЕСПУБЛИКАДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі