13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨНДІРІСТІК ПАРК БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

4 декабря, 2025
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨНДІРІСТІК ПАРК БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданының өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында соңғы жылдары бірқатар жаңа жобалар қолға алынып, өңір экономикасына тың серпін берілуде. Соның айқын дәлелі – жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен салынып жатқан заманауи шағын Өндірістік парк. Бұл жоба ауданның инвестициялық тартымдылығын күшейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті өнім түрлерінің көбеюіне үлкен мүмкіндік бермек.

Қазіргі таңда парк аумағында бірнеше бағыт бойынша өндіріс орындарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімі Мадияр Оразалиев арнайы барып, нысандардың құрылыс барысымен танысып, мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы атқару және белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Әкімнің айтуынша, бұл парк шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасап, кәсіпкерлер үшін ортақ инфрақұрылымы бар тиімді алаңға айналады.

Парк аумағында бой көтеріп жатқан жобалардың бірі – қағаз қалдықтарын қайта өңдеу цехы. Аталған нысан өңірдегі тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Жобаның инвестициялық құны 250 млн теңгені құрайды. Жоспар бойынша цехтың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 20 тоннаға дейін жетпек. Цех іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, экономикалық тиімділік те әкеледі.

Сонымен қатар, парк аумағында сүт өнімдерін қайта өңдеу цехының құрылысы да қатар жүргізілуде. Инвестициялық көлемі 350 млн теңге болатын бұл кәсіпорын тәулігіне 15 тоннаға дейін дайын өнім шығаруға қауқарлы. Сүт өңдеу саласының дамуы жергілікті фермерлердің өнімін өткізуде үлкен мүмкіндік береді. Нысан толық іске қосылғаннан кейін 30 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, өндірістік паркте күн панелі арқылы электр қуатын өндіру жобасы жүзеге асып жатыр. Инвестиция көлемі 50 млн теңгені құрайтын бұл нысанның қуаттылығы 200 кВт болмақ. Жаңартылатын энергия көзін дамыту – экологиялық жағынан тиімді әрі кәсіпорындардың электр қуатына кететін шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Жоба іске қосылғаннан кейін мұнда 2 адам жұмысқа орналасады.

Барлық нысандардың құрылысын жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өндірістік парк іске қосылған соң Сайрам ауданында жаңа өндірістер шоғырланып, экономикалық белсенділік артып, жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындары көбеймек. Бұл өз кезегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Previous Post

ХҚКО 20 жыл. Адамдар арқылы қалыптасқан тарих

Next Post

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі