13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әскери ортада құқық бұзушылықты алдын алу мен оның жолын кесу — ортақ іс!

1 марта, 2021
in Қоғам
0
Әскери ортада құқық бұзушылықты алдын алу мен оның жолын кесу — ортақ іс!
Share on FacebookShare on Twitter

Әскер – бұл қоғаммен біте қайнасқан құралым, сондықтан да болар, әскерлер мен азаматтық ортада кездесетін мәселелер ұшырасып отырады, бірақ та анағұрлым аз көлемде деп айтуға болады.Өкінішке орай, әскери қызметшілермен жасалатын құқықбұзушылықтар түп-тамырымен жойылып кете қойған жоқ.Әлі де болса осы күнге дейін келісімшарттағы әскери қызметшілер арасында әскери қызмет пен қорғаныс саласында құқық бұзушылық деректері кездеседі, оның ішінде бұйрықты орындауға салғырттық таныту, жекелеген орындардың жүріп тұру талаптарын сақтамау, сондай-ақ көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар да бар, соның бірі қазіргі таңда жаяу жүргіншілердің де жолда жүріп тұру қағидаларын қатаң сақтамауы да бар.

Әрине, жағдай соншалықты ушыққан болып табылмайды және аз ғана тәртіп бұзушылар әскерлердің моралдық жай-күйі мен жалпы жауынгерлік даярлығынақандай да бір кері әсерін тигізе алмайды.

Алайда, осы жерде Ел игілігі мен тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген әскери полиция органдары офицерлерінің әскери бөлімдердегі жай-күйді бақылап қана қоймай, түрлі бұзушылықтарды алдын алу мен жолын кесуде қарсы тұра алар зор мүмкіндіктерінің бар екендігін айтқым келеді.

Оның айғағы, әкімшілік тәжірибе бөлімшесі мен анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицерлері арасында үйлестірілген әрекеттесу, өзара тізе бүгіп жұмыс жасау мен түсінісу толықтай берік орын алған.

Бүгінде, Әскери полицияның әрбір офицері, әскери ортадағы құқықтық тәртіп пен заңдылық сақшысына айналған, осыған байланысты өзіне жүктелген міндеттері мен алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруда түрліше қиындықтарға жиі ұшырасып жатады. Оның бір негізі, әскерилердің құқықтық сауаттылығын арттыруды әле де болса қажет ететіндігін көруге болады.

Осыған орай, 2021 жылғы ақпан айында Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімімен «Тоқта және сөйлес» акциясы ұйымдастырылып, әскери бөлімдер мен әскери қалашық тұрғындары және гарнизонға қарасты әскери бөлімдердің әйелдер кеңесінің көмегі арқылы, әскерлер арасындағы өзара әрекеттесу, өзара көмек, өзара қолдау, өзара алмасуды әле де болса көтеру мен қатар түрлі келіспеушіліктерді болдырмау негізінде, құқықтық сауаттандыру жұмысы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық кодекстердің баптарында көзделген басты ережелерін, атап айтқанда: отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер, ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару, билік өкілін қызметтік міндетін атқару кезінде қорлау сипатындағы бұзушылықтар, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер бойынша жауаптылықты ескерту, насихаттау және мазмұндарын кеңінен жеткізу.

 

Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімі

Әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы

әділет майоры Р.Жаймбаев

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизоныәскери полиция
Previous Post

Түркістандық спортшылар ел біріншілігінде топ жарды

Next Post

Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі