13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

19 ноября, 2025
in Uncategorized
0
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанынан Кәсіпкерлікті үйлестіру кеңесі құрылып, жаңа органның алғашқы отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, филиал атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, кеңес мүшелері және қала кәсіпкерлері қатысты.

Алғашқы отырыста кеңестің тең төрағалары болып Мұрат Жолдыхожаев пен қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов бекітілді. Кеңес отырыстары тоқсанына бір рет, сондай-ақ тең төрағалардың бастамасымен кезектен тыс өткізіліп отыратын болады. Тең төрағалардың кемінде біреуі қатысқан жағдайда отырыс заңды деп танылады.

Жиында сөз алған Мұрат Жолдыхожаев жаңа кеңестің құрылуы қала экономикасын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
«Мемлекет Басшысының экономиканы әртараптандыру және терең өңделген өнім өндіруді күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес «AMANAT» партиясы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейтуде. Партия төрағасы Е. Жақанұлының бастамасымен өңірлерде кәсіпкерлік мәселелерін үйлестіретін арнайы кеңестер құру тапсырылды. Шымкентте осы мақсатта құрылған үйлестіру кеңесі кәсіпкерлікті дамыту жолындағы тиімді алаңға айналады деп сенеміз», – деді ол.

Сондай-ақ Мұрат Жолдыхожаев қалалық мәслихаттың кәсіпкерлерге қатысты салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету жөніндегі ұсынысты қарастыратынын жеткізді.

Ал қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов кеңестің жұмысы қаладағы бизнес ахуалды жақсартуға оң ықпал ететінін атап өтті.
«Қаладағы кәсіпкерлік саласы – экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Сондықтан бизнестің мәселесін тыңдайтын, шешу жолдарын бірлесе қарастыратын мұндай кеңестің құрылуы – өте маңызды бастама. Әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз», – деді Айдын Кәрімов.

Бұдан бөлек, салалық басқарма басшылары қала аумағындағы кәсіпкерлік бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Жиын барысында кәсіпкерлер көтерген 12 нақты мәселе талқыланып, оларды шешу тетіктері қаралды.

Кеңес жұмысы алдағы уақытта кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарын үйлестіруге, мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнатуға және қала экономикасының тұрақты дамуына ықпал етуге бағытталатын болады.

#AMANAT

Previous Post

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ САЛЫНУДА

Next Post

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі