13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛҒАН ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

18 ноября, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛҒАН ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған тұрғын қатысып, өңірдегі ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес өкілдері ұсынған жұмыс мүмкіндіктерімен танысты.

Жәрмеңкеге 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, өндіріс, қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және өзге де бағыттар бойынша 2000-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Шара барысында тұрғындарға еңбек талаптары, жалақы мөлшері, әлеуметтік пакет және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жәрмеңке аумағын аралап, жұмыс берушілермен пікір алмасты. Әкім ұсынылған бос жұмыс орындарымен танысып, еңбек қауіпсіздігін сақтау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеу мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жәрмеңкелер өңір экономикасы үшін маңызды құрал болып табылады, себебі олар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және тұрғындарды еңбек нарығына бейімдеуге ықпал етеді.

Жәрмеңкенің маңызды бөлігі ретінде Еңбек мобильділігі орталығының кеңес беру алаңы жұмыс істеді. Орталық мамандары 227 мекеменің 1500-ден астам бос жұмыс орнын таныстырып, қатысушыларға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығындағы трендтер және сұранысқа ие мамандықтар жөнінде кеңес ұсынды.
Сонымен қатар, жұмыс іздеушілер Enbek.kz электронды еңбек биржасын пайдалану бойынша практикалық дағдылар алды. Мамандар онлайн резюме толтыру, жұмыс берушімен тікелей байланыс орнату, вакансияларды тиімді сүзгіден өткізу жолдарын көрсетті.

Шымкент пен өңір экономикасының ірі кәсіпорындары жәрмеңкеге белсенді қатысты. «Назар Текстиль», «Бал Текстиль», «Алтын-Дан», «Marvik Partners», «Wan Sheng Ceramic», «Karlskrona», «Altyn Land», «Фиркан», «OKS Group», «Rixos Khadisha Shymkent» және өзге де жетекші компаниялар мен ұйымдар тұрғындарға ашық жұмыс орындарын ұсынды. Бірқатар азаматтар сол жерде сұхбаттасудан өтіп, алғашқы іріктеуге жолдама алды.

Шарада мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жеке ісін бастаған кәсіпкерлердің өнімдері де қойылды. Бұл бөлім келушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Жаңа кәсіп иелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесін көрсетіп, кәсіп ашуды жоспарлап жүрген азаматтарға мотивация берді.

«Еңбек – өмірдің тұтқасы» жәрмеңкесі Шымкенттің еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңінен көрсетіп қана қоймай, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс¬ты нығайтты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, өңірдегі жұмыспен қамтудың тиімді құралдарының біріне айналмақ.

Previous Post

Астанада «AMANAT» партиясының кубогіне арналған «AMANAT CUP» XХIІI республикалық пікірсайыс турнирі мәреге жетт

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ЯРМАРКА ТРУДА, НА КОТОРОЙ ПРЕДЛОЖЕНО ОКОЛО 2 ТЫСЯЧ РАБОЧИХ МЕСТ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі