13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Сотталған тұлғаларды еңбекке баулу – әлеуметтік маңызды мәселе

12 ноября, 2025
in Uncategorized
0
Сотталған тұлғаларды еңбекке баулу – әлеуметтік маңызды мәселе
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамды ізгілендіру мақсатында сотты болған тұлғаларды жұмыспен қамту, қоғам өміріне қайта жұмылдыру бағытындағы жұмыстар маңызды саналады. Осы мақсатта Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №53 мекемесіне жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының, қалалық әкімдіктің өкілдері және жергілікті кәсіпкерлерден құралған топ түзету мекемесінің бос тұрған өндірістік нысандарын аралады.

«Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – мекеме аумағында кәсіпорын немесе цех секілді жұмыс орындарын ашу мүмкіндігімен танысу. Кәсіпкерлер палатасының жанындағы салалық кеңестердің мүшелерін хабардар етіп, қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен бірге келдік. Бизнес қоғамдастық өкілдері өздерінің жобаларына қолайлы орындармен танысып, алдағы уақытта өндірісті ашу мүмкіндікдерін қарастыратындарын мәлімдеді. Мекеме басшысы жұмыс орындарын ашуға жағдай жасалғанын мәлімдеп отыр», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Кәсіпкерлер сотты болған тұлғаларды алдағы уақытта өз өндірістерінде жұмыспен қамту мүмкіндіктермен танысты. Өндіріс орындар ашу үшін №53 түзету мекемесінде жаңадан салынған, жалпы алаңы 700ш.м., жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған ангар кәсіпкерлердің назарына ұсынылып, пайдалану шарттары түсіндірілді. Киім және аяқ киім, ағаш пен темір өңдеу өндірістері бар кәсіпкерлер ангарда өз кәсіптерін ашуға қызығушылық танытты.

Жауапты мамандар істі болған азаматтарды еңбекке баулу, қайта әлеуметтендіру және мекеме базасында жаңа өндіріс бағыттарын дамыту бойынша тиісті жұмыс жалғасатынын мәлімдеді.

Previous Post

ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі