13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлер палатасында әйелдерге арналған тренинг өтті

31 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлер палатасында әйелдерге арналған тренинг өтті
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер әйел: алғашқы қадамдар» тақырыбымен семинар-тренинг өтті. Жиынға Палата директоры Сабира Адамбекова, Amanat партиясының қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаева, Halyk Bank АҚ қалалық филиалы директорының орынбасары Айдос Келдібаев және Еңбек мобильділігі орталығы кәсіпкерлік бастамаларды оқыту және қолдау бөлімінің басшысы Гүлвира Даужанова және кәсіпкерлер қатысты.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Шымкент қаласында әйелдер кәсіпкерлігі дамып келе жатқанын, осыған орай қыз-келіншектер тарапынан пайдалы ақпараттарға қажеттілік туындап отырғанына назар аударды.

«Құрметті қатысушылар, Кәсіпкерлер палатасының алаңына қош келіпсіздер. Бүгінгі әйелдер кесіпкерлігіне арналған семинар-тренингге бастамашыл болған Amanat партиясының қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаеваға алғыс білдіреміз. Кәсіпкерлер палатасына қыз-келіншектер тарапынан сұрақтар түсіп, әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру, түрлі қолдау шараларын туралы білгісі келеді. Осы тақырыптар талқыланатын семинарымыз баршамызға пайдалы болады деп сенемін», – деді Сабира Адамбекова.

Алғашқы сөзді алған Наргиза Керімбаева өзінің бизнестегі тәжірибесіне тоқталып өтті.

«Менің бизнестегі қадамым осыдан 20 жыл бұрын ұялы байланыс операторының өкілі ретінде басталды. Содан осы салада жүріп, алғашқы мобильді телефон сататын бутиктерді аштық. Ол кезде смартфондар енді таралып жатқан кез. Бес жылдың ішінде Шымкент пен Түркістан облысының аумағында 15 дүкеніміз ашылды. Уақыт өте келе біз еліміздегі ұялы байланыс операторларының дистрибютері болып жұмыс істей бастадық. Қазіргі таңда біздің компанияның 20-дан астам дүкені, еліміздің әр аймағында 8 сауда орталығымыз бар», – деді Наргиза Керімбаева.

Тренингте бизнес-ханымдар өз кәсіптерін дамыту бойынша тәжірибелерін бөлісті, әйелдердің кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылығын арттыру, іскерлік қабілеттерін дамыту тақырыптары көтерілді.

Банк өкілдері кәсіпкерлерге арналған нақты бағдарламалар туралы айтса, әкімдік өкілдері мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен түсіндірді.

«Қазіргі таңда мемлекет тарапынан әйел кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бастысы – мүмкіндікті дер кезінде пайдалану. Біздің орталық түрлі тренингтер мен оқыту курстарын ұйымдастырып, әр әйелдің өз кәсібін бастауына көмек көрсетеді», – деген Еңбек мобильділігі орталығы кәсіпкерлік бастамаларды оқыту және қолдау бөлімінің басшысы Гүлвира Даужанова 400 АЕК көрсеткіш көлеміндегі грантты алу қағидаларын түсіндіріп өтті.

Еркін форматта өткен тренингке қатысушылар өз ойларын жеткізіп, жауапты мамандармен ашық пікір алмасты. Өз бизнесін бастауға немесе кеңейтуге қатысты жоспарлар мен идеяларын ортаға салды.

Previous Post

ЦИФРОВОЙ КАЗАХСТАН – КУРС НА БУДУЩЕЕ РАЗВИТИЕ

Next Post

ӘЙЕЛДЕР ІСКЕРЛІГІН ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі